Фото: istockphoto.com
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті биыл 7 тергеп-тексеру шарасын жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша, Шымкент әуежайының авиаотынды сату қызметінде заң бұзушылықтар анықталды. Әуежай әдейі жоғары баға қою арқылы негізсіз табыс тапқан. Істе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болғандықтан, барлық материалдар Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданған.
Сонымен қатар «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) да заңсыз әрекеттері әшкереленді. Анықталғандай, ӘКК «Казсбытгрупп» ЖШС-мен келісімшарт жасасып, қаланың индустриялық аймақтарын энергиямен қамтудан түскен табыстың 50%-дан астамын өз пайдасына алып отырған. Бұл әрекеті арқылы нарыққа басқа субъектілердің кіруіне кедергі келтіріп, бәсекелестікті шектеген. Нәтижесінде корпорацияға 14 млн теңгеден астам айыппұл салынып, бюджетке толық өндірілген.
Жалпы департамент өндірген айыппұлдардың сомасы бүгінде 36 млн теңгеден асты.