Бұйыртса, келесі жылдан кейін отандық мұнай өңдеу зауыттарының қуаты артып, сапасы жақсарып елімізді бензин мен дизель отыны импортына тәуелділіктен құтқарады. Бұл жөнінде Энергетика министрi Владимир Школьник Орталық коммуникациялар қызметінде болған баспасөз мәслихатында айтты.
Елдегi мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары 2016 жылдан соң толығымен аяқталып, бар қуатымен жұмыс істейді екен. Қазіргі күнде Атырау мұнай өңдеу зауытында технологияны жаңғырту және қайта құру жұмыстары жалғасып жатыр. «Ауқымы кең үздік технология іске қосылған соң, зауыттарда мұнай-химия және жанар-жағармай бойынша жоғары октанды бензин шығаруға толық мүмкіндік болады. Жобаның жалпы құны 1 млрд. 098 млн. доллар. Оның 1 млрд. 064 млн. доллары – Қазақстанның Даму банкiнiң қаражаты. Кешен пайдалануға берiлгеннен кейін, ол жерде 357 жұмыс орны ашылмақ. Мұнымен бірге, мұнайды тереңдете өңдеу кешенi де салынып жатыр. Сонда жобаның жалпы құны 2 млрд. 23 млн. доллар болғалы тұр. Бүгінде оның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға шамамен 3,8 мыңнан астам адам жұмысқа тартылды. Сөз болған нысан 2016 жылдың соңына қарай толық салынып бiтедi деген үміт бар», деді ол.
Зауытты пайдалануға бергеннен кейін, шикi мұнайды өңдеу көлемi жылына 5 млн. тоннадан 5,5 млн. тоннаға дейiн өседi екен. Өндiрiлетiн жанар-жағармай сапасы еуро-4, еуро-5 стандартына сай болады. Бұлармен бірге, зауытта қосымша құны жоғары мұнай өнiмдерi де шығарылады. Олар –жылына 132 мың тонна шығарылатын бензол және 500 мың тонна өндірілетін параксилол. Ал, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңартып-жаңғыртуға 1 млрд. 829 млн. доллар қарастырылыпты. Оны қаржыландыру «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен қарыз ақшалардың негiзiнде жүзеге асырылатын көрінеді. Осы кезге дейін инвестицияның 5 пайызы жұмсалып та қойыпты. «Бұл жоба да 2016 жылы пайдалануға берiлетін болады. Қайта құрудан кейін, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өнiмдiлiгi 6 млн. тоннадан артады. Ондағы мұнайды терең өңдеу ісi 90 пайызға жуықтайды деп айта аламын. Сөйтіп, өндірілген сұйық отын еуро-4 және еуро-5 стандартына жауап беретін болады.
Соңғы зауыт – Павлодар мұнай өңдеу кәсіпорнын жаңғыртуға 1 млрд. 218 млн. доллар жұмсалады. Ол пайдалануға 2016 жылдың соңына таман берiледi. Зауыт жаңа технологияларға ие болғаннан соң мұнай өңдеу көлемi 7 млн. тоннаға жетіп, бұл жерде де еуро-4 пен еуро-5 стандартындағы жанар-жағармайлар шығарылады. Сонымен, отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту аяқталғаннан соң, мұнайды қайта өңдеу көлемi 29,4 пайызға артады, яғни 14 млн. 297 мың тоннадан 18,5 млн. тоннаға жетедi. Жекелеп көрсетер болсақ, сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиндi өндiру 21 пайызға, ал АИ-95 және АИ-98 бензинi бойынша 0,7-ден 10 пайызға дейiн арта түседi. Еліміз осылайша 2016 жылдан кейiн өз нарығын толығымен сапалы бензинмен және дизель отынымен қамтамасыз етедi. Сөйтіп, оны өзге елдерден импорттау қажет болмайды», дедi В.Школьник.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Жамбылда байқауды робот жүргізді: Жаңа формат көрерменді таңғалдырды
Технология • Бүгін, 11:59
Қазақстан Тәжікстанға бидай экспортын 1,3 миллион тоннаға дейін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 11:44
Бірнеше өңірде республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Қазақстанда инсульттен болатын өлім-жітім 4%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 11:25
Шаруаларға сиыр етінің бағасын 3275 теңгеден асырмау міндеттелді
Экономика • Бүгін, 11:13
Алматыда лай көшкінінен ғимараттың шатыры зақымдалды
Оқиға • Бүгін, 10:57
2026 жылдың ең ықпалды адамдары анықталды
Әлем • Бүгін, 10:50
Алматыдағы нөсер жаңбыр: Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті
Алматы • Бүгін, 10:41
Әскерде телефон қолдану тәртібі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 10:30
Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді
Елорда • Бүгін, 10:22
Жаңбыр, дауыл, тұман: Елімізде ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Бүгін, 10:03
Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Сауда • Бүгін, 09:55
Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті
Қоғам • Бүгін, 09:43
Руханият • Бүгін, 09:25
Қаржы • Бүгін, 09:22