Ауа райы • 28 Желтоқсан, 2025

Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді. 28 желтоқсан күні таңертең басталған боран мен көріну деңгейінің төмендеуі жол қозғалысына қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

Ашық дереккөз

28 желтоқсан сағат 11:40-тағы ақпарат бойынша, республикалық маңызы бар тасжолдың келесі бөліктерінде қозғалысқа тыйым салынды:

Атырау облысы: «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» тасжолының Доссор кентінен Маңғыстау облысының шекарасына дейінгі бөлігі (3-210 шақырым).

Маңғыстау облысы: Дәл осы трассаның Атырау облысының шекарасынан Бейнеу ауылына дейінгі учаскесі (210-332 шақырым).

Соңғы жаңалықтар

Енді жолдарға тұз себілмейді

Инфрақұрылым • Кеше