Аймақтар • Бүгін, 12:00

БҚО-да биыл 6 мектеп күрделі жөндеуден өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025-2027 жылдары Батыс Қазақстан облысында 86 мектепті күрделі жөндеу жоспарланған болатын. Биыл соның алтауы жөнделді. Жақында Қазталов ауданындағы Қараөзен мектеп-лицейі ғимараты жөнделіп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да биыл 6 мектеп күрделі жөндеуден өтті

Ауыл мектебін қаладағы білім ордаларынан кем қылмау, елдегі үш ауысымды және апатты мектептердің санын азайту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі қадағалап отырған міндеттің бірі. Бұл тапсырманың жүйелі жүзеге асырылуы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына да кірген болатын. Қазталов ауданындағы белгілі Қараөзен мектеп-лицейі жанындағы интернат үйімен бірге күрделі жөндеуден өтіп, жаңа жыл қарсаңында қайта пайдалануға берілді.

Аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың айтуынша, Қазталов ауданында соңғы 4 жылда 4 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, 5 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Бұл жұмыстар өңірде білім сапасының артуына да оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Қараөзен мектеп-лицейі ғимараты 1978 жылы салынған болатын. Жөндеу нәтижесінде мектептің материалдық-техникалық базасы нығайып, заманауи кейіпке енді. Қазір 350 орынға есептелген мектепте 228 оқушы білім алады. 14 бала мектепалды даярлық сыныбына барады. Мектепте 44 педагог сабақ береді.

- Мемлекет басшысының бастамасымен және өңір басшылығының қолдауымен мектебіміз күрделі жөндеуден өтті. Білім ошағының заманауи талапқа сай болғанына біз, ауыл тұрғындары, қатты қуаныштымыз, - дейді Қараөзен ауылының ақсақалы Болат Бекешов.

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар