Мария Хаджиева бұл қызметке 2019 жылдың 26 желтоқсанында тағайындалған еді.
Ол еңбек жолын 1995 жылы Әділет министрлігінің Бас заңнама басқармасының конституциялық және әлеуметтік-мәдени заңнама бөлімінің жетекші консультанты лауазымынан бастаған.
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметін 2000 жылы Ұлттық банктің заң департаменті бағалы қағаздар нарығын және жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеуді құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы лауазымынан бастаған.
2006 жылғы қараша–2008 жылғы мамыр аралығында Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2008 жылғы мамырда департамент директоры лауазымына тағайындалып, 2011 жылға дейін жұмыс істеді.
2011 жылдан бастап Ұлттық банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары болған.
2014 жылдан бастап Ұлттық банктің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаментінің директоры лауазымын атқарды. Одан кейін 2016 жылы Бағалы қағаздар нарығы департаментін басқарды. 2017 жылы «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалып, бір жылдан кейін оған басшылық етті.
Түрлі жылдары «Казкоммерц Секьюритиз», «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі», «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының», Қазақстан қор биржасының Директорлар кеңесінің құрамына кірді.