24 Ақпан, 2015

Радиацияның әсері талқыланды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазақстанның Ядролық қоғамы» қауымдастығының атқарушы директоры Наталья Жданова мен «Семей-Невада» антиядролық қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев «Күнделікті тірліктегі радиацияның әсері» деген тақырыпта семинар өткізді. Н.Жданова радиация тақы­рыбына тоқталып, Қазақ­станда салынатын АЭС-тің ма­ңыздылығын атап өтті. Қарапайым тұрғындар арасында атом энергиясының қажеттілігін түсіндірудеміз, деді Н.Жданова, сондықтан да әрбір семинар сайын бейнефильмдер көрсетіп, слайдтар қолданамыз. «Невада-Семей» қозғалысымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, Семей полигонынан зардап шек­кен балаларға жазғы демалыс лагерін де бірнеше рет ұйым­дастырдық. «Қазақстанның ядролық қо­ғамы» ғылыми-көпшілік журналы тұрақты түрде шығып тұра­ды екен. Онда оқырманға қажетті ақпараттың барлығы бар. Жаңадан веб-сайт та ашылып, халық назарына ұсынылған. Жиында Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі 9 «F», 9 «С», 8 «С» сыныптарының оқушылары Диана Кульгускина, Юлия Мас­лова, Әлия Тұманбаева, Мәди Райысов, Арнұр Батталов «Discovery planet» деп аталатын зерт­теу жұмыстарын жұртшылық назарына ұсынды. Оқушылар жақында Курча­товтағы Ұлттық ядролық ор­талық директоры Ерлан Батыр­бековпен кез­десуге де барып қай­тыпты. Е.Ба­тырбеков дарын­ды оқушыларға қолдау көрсе­тетіндігін айтқан. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. СЕМЕЙ.