Білім • 29 Желтоқсан, 2025

Мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы енгізілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстандағы барлық мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы іске қосылды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында балалардың құқықтарын қорғау және білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы енгізілді

Үкімет

Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлімдеді. Оның айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес мектептерде балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқатына басымдық беріліп отыр.

Вице-министрдің сөзінше, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты енгізілген. Қазіргі таңда елімізде 1,7 миллион оқушы тегін тамақпен қамтылған. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептер мен колледждерде «ДосболLike» антибуллингтік бағдарламасы және «Жеке қауіпсіздік» сабақтары іске қосылған.

Майра Мелдебекова Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің 20 өңірінде психологиялық қолдау орталықтары ашылғанын да атап өтті.

«Жыл басынан бері бұл орталықтарда 35 мың бала мен ата-анаға психологиялық көмек көрсетілді», деді ол.

Айта кетейік, қабылданған шаралар білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алуға, балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және мектептерде қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар