Туынды мемлекет жұмсаған қаражатты толық қайтарып қана қоймай, оны бес есе арттырды. Бұл жетістік мемлекеттік қолдаудың нәтижелі болғанын айқындап, көрерменнің отандық киноға деген сенімін нығайта түсті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігі «Кинематография туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізу үстінде. Бұлар фильмдерді прокатқа дейінгі сараптау рәсімін жетілдіруге және ұлттық фильмдердің сапасын арттыруға бағытталған.
Жылдың маңызды жетістіктерінің бірі – «Қазақфильм» киностудиясына мемлекеттік қолдаудың қайта жандануы. Ұжым қазақ киносының Алтын қорын қалпына келтіріп жатыр.
«Qaitadan» фильмінің режиссері Думан Еркімбек мемлекеттік қолдаудың маңызын атап өтті.
«Qaitadan» фильмі Ақтауда өткен «Қорқыт ата» фестивалін ашты. Сонымен қатар Римде өткен Қазақстан киносы апталығының бірінші күні көрсетілді. Бұдан бөлек, жас режиссерлер мен продюсерлерге арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымы бағдарламасы аясында Қытайда тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болдым. Мемлекеттік қолдау қазақ киносының жаңа деңгейде дамуына мүмкіндік береді», деді ол.
Отандық «Бауырына салу», «Шатырдағы екеу», «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда», «Победителей видно на старте» және басқа да фильмдер АҚШ, Ресей, Франция, Италия, Қытай және өзге елдерде өткен халықаралық кинофестивальдерге ұсынылып, 30-дан астам беделді марапатқа ие болды.
Актер Бақыт Қажыбаевтың жетістігін де ерекше атап өткен жөн. Ол ШЫҰ елдерінің кинофестивалінде «Үздік актер» номинациясын иеленді. Фестиваль Қытайдың Чунцин қаласында өтті, онда актер «Набат операциясы» фильміндегі рөлі үшін марапатталды.
Қазақстан киносының күндері 15-тен астам елде өтті. Атап айтсақ, Грекия, Қырғызстан, Албания, Франция, Норвегия, Италия, Чехия, Жапония, Түркия, Сингапур, Әзербайжан, Ресей, Бельгия, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерде отандық кино көрсетілді.