Білім • Бүгін, 09:17

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Арал өңірін қалпына келтіруге бағытталған бірегей ESG-жобасы үшін Алматы менеджмент университетінің ғалымдары «Trophées des Entreprises 2025» халықаралық сыйлығына ие болды.

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

«Syr qorǵany – sekseýil» жобасы – Арал өңіріндегі сексеуіл экожүйесін қалпына келтіруге және Орталық Азиядағы шө­лейт­тенуге қарсы күреске бағыт­талған еріктілер бастамасы.

Былтыр наурыз айында Almaty Management University  еріктілері құрғап қалған Арал теңізінің табанына 5 100 сек­сеуіл көшетін отырғызды. Бұл ел тарихында студенттердің, кәсіп­керлердің және халық­аралық еріктілердің жаппай қаты­суы­мен жүзеге асқан алғаш­қы жоба болды. Бұған дейін бұл жұ­мыстар ондаған жыл бойы тек мемлекеттік орман шаруа­шылықтары тарапынан атқа­рылып келді.

Биыл «AlmaU» студенттері Аралды құтқару халықаралық қоры мен «Freedom Bank» ұйым­дастырған халықаралық экологиялық акцияға қатысып, 60 гектар аумақтағы 18 000 сек­сеуіл көшетінің 8 000-ын отырғызды. Осылайша, жоба­ның екі жылдық кезеңінде бар­лығы 13 100 сексеуіл көшеті егілді. Бастамаға Орталық Азия елдері мен  Еуропа және Аме­рика Құрама Штаттарынан 160-тан астам қатысушы тартылды. Сөйтіп, Almaty Management University Арал өңірін қалпына келтіруге қоғамдық және кор­поративтік қатысудың жаңа жолын ашты.

Қазір «Syr qorǵany – sekseýil» жобасы сексеуіл орма­нын қалпына келтіруге бағыт­талған тұрақты қоғамдық-кор­поративтік қозғалысқа айнал­ды. Жобаның бірегейлігі уни­верситеттің «living lab» моде­лін қолданып, ол далалық эколо­гиялық жұмысты, ғы­лы­ми тәсілді, білім беру мо­дуль­дерін және еріктілерді бірік­тір­ді. Сексеуілді табиғи тосқауыл ретінде пайдалану шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі БҰҰ конвенциясының ұсынымына сәйкес келеді және климаттық бейімделу мен Арал өңіріндегі шаңды дауылды азайту жөніндегі жаһандық күн тәртібіне үлес қосады.

«AlmaU» экологиялық көш­басшыларының жаңа буы­­нын қалыптастыра оты­рып, Ор­­та­лық Азия универ­ситет­тері­нің жаһандық маңызы бар эко­логиялық дағдарыстарды шешуі­не атсалыспақшы.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Бүгін, 20:35

Шаруашылығы шалқыған күн туар

Шаруашылық • Бүгін, 19:53