24 Ақпан, 2015

Бизнеске рұқсат берулер жеңілдетілмек

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министрдің бі­рінші орынбасары Бақытжан Са­ғынтаев кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелеріне байланысты Ве­домство­аралық комиссияның кезек­ті отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қыз­меті. Комиссия жұмысына Пар­ламент депутаттары, орталық мемлекеттік ор­ган­дардың, Ұлттық банктің, Ұлттық кәсіп­керлер па­латасының басшылары қатысты. Күн тәртібінде Мемлекет бас­шы­сының тапсырмаларына сәйкес рұқсат беру құжаттарын 50 пайыз­ға қысқарту жолымен бизнес үшін әкімшілік кедергілерді төмендету мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, Сарапшылық топ­тың ІІМ, МСМ, БҒМ, ҰБ және басқа да мемлекеттік органдардың 134 рұқ­сат берулерін қысқарту және қарапай­ым­дандыру жөніндегі ұсынысы қаралып, қолдау тапты. Барлығы 367 рұқсат беру­лерді қыс­қарту қолдауға ие болды, бұл олардың жалпы санының 52 пайызын құрайды. Отырысты қорытындылай отырып Бақытжан Сағынтаев Президент алға қойған міндеттерді жүзеге асырудың маңыз­дылығын атап өтті, сондай-ақ, бірқатар тиісті тапсырмалар берді.