Әлем • 31 Желтоқсан, 2025

Болгария 2026 жылдан бастап еуроға өтеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Болгария ұлттық валютасы левтен бас тартып, еуроға көшеді. Осылайша ел еуроаймаққа қосылған 21-ші мемлекет болмақ, деп жазады Egemen.kz.

Болгария 2026 жылдан бастап еуроға өтеді

Бұл туралы Reuters хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, Болгария еуроға өту үшін қойылған барлық ресми талапты орындаған. Атап айтқанда, инфляция деңгейі, бюджет тапшылығы, ұзақ мерзімді қарыз құны және айырбас бағамының тұрақтылығы талапқа сай келген.

Болгарияның еуроға көшуі бұл валютаны қолданатын еуропалықтардың санын 350 млн адамнан асырады. Яғни, еуро аймағы тағы да кеңейеді.

Алайда ел ішінде бұл шешімді бәрі бірдей қолдап отырған жоқ. Бизнес өкілдері өзгерісті оң қабылдаса, халықтың бір бөлігі күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше, Еуропалық одақ әлсіреп барады, ал еуроға көшу қарапайым азаматтарға қиындық әкелуі мүмкін.

Саяси сарапшылар да алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, еуроны түсіндіру жұмыстары әлсіз жүргізілген. Әсіресе шалғай өңірлердегі және жасы үлкен адамдарға жаңа валютаға үйрену қиын болуы мүмкін. Бұған қоса, тұрақты үкіметтің болмауы да өтпелі кезеңді күрделендіруі ықтимал.

Өткен жылдың ақпан айының соңында Болгарияда левті сақтап қалу жөнінде референдум өткізу үшін қол жиналған. Бұл бастаманы «Возрождение» оппозициялық партиясы көтерген. Партия өкілдері болгарлардың шамамен 80%-ы левтің қалғанын қалайды, ал еуроның пайдасын тек аз ғана элита көреді деп мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:49