ҚТФ
Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Рыбакина турнирдің бір жартылай торына көшбасшы теннисші Арина Соболенкомен түсті.
WTA 500 санатындағы жарыс Брисбен қаласында 4-11 қаңтар аралығында өтеді. Жоғары рейтингінің арқасында Елена алғашқы айналымды автоматты түрде өткізіп алады.
Екінші айналымдағы оның алғашқы қарсыласы америкалық Эшлин Крюгер мен іріктеу кезеңінен өткен теннисшінің матчынан кейін анықталады. Рыбакинаның алғашқы ойыны 6 қаңтарға жоспарланған.
Рыбакинамен бір ширекте ресейлік Екатерина Александрова орналасқан.
Ал жартылай финалда қазақстандық теннисшінің ықтимал қарсыласы Арина Соболенко болуы мүмкін.