Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Айдаров елімізге келіп жатқан инвестицияларға қатысты баспасөз мәслихатын өткізді. Арнайы экономикалық аймақтардың қызметі жөнінде әңгімелеп, онда орын алып жатқан өзгерістер туралы айтты.
Мемлекет басшысының салаға қатысты жүктеген тапсырмаларының орындалу барысын жеткізген төраға орынбасары елімізді индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асырылуын баяндады. «Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында АЭА инфрақұрылымына бұған дейінгі 9 жылмен салыстырған мемлекеттік инвестиция 2 есеге көп салынды. Нақты сандарға сүйеніп айтар болсақ, бұл игі іске 148,3 млрд. теңге тартылыпты. Мамандардың сөзіне илансақ, осынау шара инвесторлардың белсенді әрекет етуіне өз әсерін тигізген. Сөйтіп, алдыңғы 9 жылмен салыстырғанда инвестиция 7,5 есеге дейін көп тартылып, 336,1 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде өндіріс көлемі 5 есеге өсіп, 677,7 млрд. теңгеге жетті. Ал жұмыс орындарының саны 4,5 есеге көбейіп, 7433 адам тұрақты жұмыспен қамтылды», деді А.Айдаров.
Жалпы арнайы экономикалық аймақтарды дамыту кезең-кезеңімен жүріп жатыр екен. Қазіргі кезде жүзеге асырылған 126 жобаның 111-і жобалық қуаттылығы бойынша 50 пайыздан асып үлгеріпті. Жақын арада жалпы сомасы 2,3 трлн. теңгенің 50 жобасын пайдалануға беру көзделіп тұр. Осыған орай арнайы аймақтарда қосымша 17 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Осы жағымды жаңалықтарға тоқталған спикер, Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығында ел аумағында тағы 4 жаңа арнайы экономикалық аймақ салынғанын атап айтты. Олар – «Сарыарқа», «Павлодар», «Тараз химиялық паркі», «Қорғас – Шығыс қақпасы». Қазіргі таңда аймақтар аумағында инфрақұрылымдық жұмыстар қызу жалғасын тауып жатыр. Өзге де арнайы аймақтардың жұмысы жөнінде айтып өткен төраға орынбасары салаға қатысты заңнама жетілдіріліп, бірқатар түзетулер мен толықтырулар енгізілгенін жеткізді. Қоғамның жаңа ұсынысы Үкіметтен қолдау тауып, қазіргі кезде Парламент Мәжілісінің қарауына түсіпті. «Бұл заң қабылданар болса, осы бағытта қызмет етіп жүрген көптеген мекемелердің қызметі үйлестіріліп, жұмыс барысы бір орталықтан жүйеленіп отырылатын болады. Қазіргі күнде әр аймақтың өз әкімшілігі бар. Әрқайсысы өз білуімен жұмыс істеп келеді. Біздің пайымымыз бойынша бұл тірлік аса тиімді емес. Мәселен, біздің ұсынысымыз іске асырылып жатса, бір аймақтың қызметкерлері жұмысты тиімді жүргізу әдісін озық елдерден үйреніп келсе, ол тәжірибесін өзге де әріптестерімен бөліседі. Сөйтіп, әрқайсысының шетел мамандарына жүгінуіне қажеттілік болмай, мемлекет ақшасы үнемделетін болады. Жаңа басқару жүйесінің осыған ұқсас бірнеше тиімді тұстары бар», деді ол.
Арнайы экономикалық аймақтардың жұмысына еркін және арнайы аймақтарды басқару мен кеңес беруде көпжылдық тәжірибесі бар әлемдегі ірі компанияларды тарту да көзделіп отыр екен. «Арнайы экономикалық аймақтардың жұмысына еркін және арнайы аймақтарды басқару мен кеңес беруде көпжылдық тәжірибесі бар әлемдегі ірі компанияларды тартуды мақсат еттік. Мысалы, былтыр «Jurong Consultants» халықаралық компаниясының қатысуымен «ПИТ» арнайы экономикалық аймағында озық жоба ретінде басқару үлгісін дайындай бастадық. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», деген А.Айдаров, отандық АЭА жұмыстарына, сондай-ақ, DP World, Shamrock, Tony Blair Associates, IDI, FEMOZA сияқты компаниялардың тәжірибелері де тартылып жатқанын айтты.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:34
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:32
«Реал Мадрид» Марк Кукурельяны қатарға қосты
Футбол • Бүгін, 16:20
Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:14
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Айыпталушы көлікте ақау болғанын айтты
Оқиға • Бүгін, 15:59
Эфиопияда автобус шатқалға құлап кетті: 28 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:45
Жамбыл облысында суға батып бара жатқан азамат құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:27
Сот үйқамақ шарттарын бірнеше мәрте бұзғаны үшін ҚазТАГ бас редакторының бұлтартпау шарасын өзгертті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:18
Жамбыл облысында баласынан айырылған әйелге 5 млн теңге өтемақы төленді
Қоғам • Бүгін, 15:11
Банк • Бүгін, 14:54
Астанада екі жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті
Қоғам • Бүгін, 14:50
Иран Ормұз бұғазына байланысты мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 14:37
Астанадағы «AMANAT» партиясының маңдайшасы «Әділет» деп өзгерді
Қоғам • Бүгін, 14:10
Әл-Фарабидегі жол апаты: Полицей адвокатсыз жауап беруден бас тартты
Заң • Бүгін, 13:50
Президент АҚШ Қаржы корпорациясының атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:38