Полиция қызметкерлері аз ғана уақыттың ішінде 19 велосипедті үптеп үлгерген екі азаматты қолға түсірді. Олар тұрғын үй дәліздерінен, аулалардан, орталық базар аумағынан «шайтанарбаларды» оп-оңай шығарып, кәсіптерін қыздырып отырған көрінеді. Бүгінгі күні көліктің бұл түрі қып-қызыл ақша, яғни, әрқайсысы 30 мың теңгеден бастап одан да жоғары бағаланады.
Күдікті ретінде ұсталған жігіттер оңай олжаны таныстарына, көшеден өтіп бара жатқан кез келген адамға арзан бағаға ұстата салғанын жасырмайды. Қазір әлгі 19 велосипедтің бәрі табылып, иелеріне қайтарылды. Ал, олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
КӨКШЕТАУ.