Білім • Кеше

13 жастағы оқушы информатикадан республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарлық 7-сынып оқушысы Имран Кусанов бастауыш сыныптан-ақ компьютерлік бағдарламалауға, математикалық есептерге жүйріктігімен көзге түсіп келеді. Биыл ол республикалық Ауыл олимпиадасында 9-сынып оқушыларымен бір деңгейде сынға түскен. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

13 жастағы оқушы информатикадан республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Имран Кусанов информатика пәнінен ерекше алғырлық көрсетіп, алгоритмдік есептерді оңай шешеді. Дарынды оқушы алғырлығының арқасында аталған білім бәйгесінің информатика бағытында бірінші орынды жеңіп алды.

«Оның зеректігі мен есептерді шешудегі алғырлығы, ойлау қабілетінің жүйріктігі қазылар алқасын да таңғалдырып, ол олимпиаданың ең жас қатысушысы атанды», делінген министрлік таратқан хабарламада. 

Имранға 18 жылдық тәжірибесі бар информатика пәнінің мұғалімі Соян Ертай бағыт-бағдар көрсетіп жүр.

Ақтаулық жас математиктер халықаралық олимпиадаға жолдама алды

«Мен ұстазыммен күнделікті дайындаламын. Олимпиадада алгоритмдік есептер, деректермен жұмыс және бағдарламалық шешімдер әзірлеу сынды күрделі тапсырмалар беріледі. Әр кезең мен үшін қызықты болды, тапсырмалар күрделенген сайын өзімді дамытуға ұмтылдым», деді жас дарын Имран Кусанов.

Берік Уәли халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне стипендия тағайындады

Айта кетейік, Имран осы олимпиадаға 5-сыныптан бері үзбей қатысып, жоғары сыныптардың есептерін шешіп жүр. Бұған дейін де ол 2, 3-орындарды иеленіп, бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінген.

Соңғы жаңалықтар