25 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №112 

393 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 наурыз, Астана қаласы Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу  қағидаларын бекiту туралы «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспа басылымында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын; 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын; 4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.А. Ахмедьяровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А. МҰХАМЕДИҰЛЫ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары 1. Жалпы қағидалар 1. Осы Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) жүргізу тәртібін анықтайды. 2. Мемлекеттік тізілім ұлттық мәдени игілік объектілері (бұдан әрі – ҰМИО) сақтау және оларға ерекше режимін беру мақсатында жүргізіледі. 3. Мемлекеттік тізілімге елдің тарихы мен мәдениеті үшін айрықша маңызды ҰМИО жайлы мәліметтер енгізіледі. 2. Мемлекеттік тізілімді жүргізу тәртібі мен шарттары 4. Мемлекеттік тізілімді мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз және электронды нұсқада, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) жүргізеді. 5. Мемлекеттік тізілімге мәліметтер мынадай негізде енгізіледі: 1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мен астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) ҰМИО туралы мәліметтері көрсетілген хаттары; 2) жеке тұлғаның ҰМИО туралы мәліметтері көрсетілген қолдау хаттары; 3) заңды тұлғаның ҰМИО туралы мәліметтері көрсетілген қолдау хаттары. 6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген хатта және қолдау хатта келесі мәліметтер көрсетіледі: 1) ҰМИО толық атауы; 2) ҰМИО сипаттамасы; 3) ҰМИО жасалған күні; 4) ҰМИО мәліметтері; 5) ҰМИО шығу тегі; 6) ҰМИО орналасқан жері; 7) ҰМИО фотосуреті. 7. Егер осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмесе немесе ҰМИО ерекше маңыздылығын анықтауға оның сипаттамасы жеткіліксіз болған жағдайда, уәкілетті орган ЖАО, жеке және заңды тұлғаларға ҰМИО туралы жеткіліксіз мәліметтерді беру қажеттілігі жайлы сұрау жібереді. 8. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды отыз жұмыс күні ішінде қарастырады. 9. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қарастыру үшін уәкілетті орган тұрақты жұмыс жүргізетін сараптамалық комиссия құрады. Сараптамалық комиссия құрамына уәкілетті органның тиісті бөлімдерінің қызметкерлері, ғалымдар және тарих, мәдениет, археология, палеонтология, этнография, бейнелеу және халықтық қолданбалы өнер салаларының білікті мамандары енеді. Сараптамалық комиссияның төрағасы болып уәкілетті органның өкілі саналады. Сараптамалық комиссияның шешімдері оның отырысына қатысқан сараптамалық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда сараптамалық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Сараптамалық комиссия ҰМИО-ның ел тарихы және мәдениеті үшін айрықша маңыздылығы, не маңызының жоқтығы жайлы шешім қабылдайды, оны хаттамамен рәсімдейді. 10. Сараптамалық комиссияның хаттамасының негізінде уәкілетті орган осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзім iшiнде келесі шешімдердің бірін қабылдайды: 1) Мемлекеттік тізілімге ҰМИО жайлы мәліметтерді енгізу; 2) ҰМИО ел тарихы және мәдениеті үшін ерекше маңызды болмағандықтан, Мемлекеттік тізілімге енгізілмейді. 11. ҰМИО Мемлекеттік тізілімнен шығару ҰМИО-ның толық түгел жойылғандығы туралы немесе оның ел тарихы және мәдениеті үшін ерекше маңызы болмай қалғандығы жайлы ЖАО-ның хаты немесе жеке және заңды тұлғалардың қолдау хаттары негізінде іске асырылады. 12. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының сұрауы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша уәкілетті орган Мемлекеттік тізілімге енген немесе шығарылған ҰМИО туралы мәліметтерді береді. Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларына қосымша Нысан Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттiк тiзiлімі Рс № ҰМИО атауы ҰМИО сипаттамасы (қысқа сипаттамасы, шығу тегі) ҰМИО жасалған күні ҰМИО мәліметтері (материалдың атауы, қөлемі, салмағы, саны) ҰМИО орналасқан жерi ҰМИО фотосуреті Тiзiлiм нөмірі Басқа мәлiметтер 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Ескертпе: ҰМИО - ұлттық мәдени игілік объектілері Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10967 болып енгізілді.