Фото: instagram.com/Canyama
Мәліметтерге сәйкес, Ыстанбұл прокуратурасының тапсырмасымен қаладағы тоғыз түнгі клубта рейд ұйымдастырылған. Тексеру кезінде ойын-сауық орындарының бірінен актер Джан Яманның жанынан есірткі заттары табылған.
Арнайы операция барысында барлығы жеті адам ұсталған. Олардың қатарында актрисалар Селен Гёргюзель мен Айше Саглам, сондай-ақ түнгі клубтардың иелері, менеджерлері және медиа саласының өкілдері бар.
Бұған дейін басылымдарда Джан Яманға қатысты есірткі қолданды деген мазмұндағы шағымдар мен куәліктер түскені хабарланған. Алайда тергеу аясында прокуратура актерді ұстау туралы арнайы ордер бермегені атап өтілген.
Соған қарамастан, жандармерия жүргізген тінту нәтижесінде Джан Яман ұсталған. Ақпаратқа сәйкес, ол және Селен Гёргюзель сот-медициналық мекемеге қан талдауын тапсыру үшін жеткізілетін болады.
36 жастағы актер «Ерте келген құс», «Эль Турко», «Мистер Қате» және өзге де телехикаялардағы рөлдері арқылы кеңінен танымал.
Айта кетейік, бұған дейін түрік бұқаралық ақпарат құралдары Ыстанбұл прокуратурасы заңсыз есірткі айналымына қатысты іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын, оның аясында танымал тұлғаларға қатысты ұстау туралы қаулылар шығарылғанын хабарлаған. Тергеу 2025 жылғы 8 қазанда басталып, ондаған танымал адамнан жауап алынған.
Бұған дейін мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын келтірген күдікті Грузияда ұсталды.