Фото: ашық дереккөз
Қыстың ең қысқа айы саналатын ақпанда барлығы 8 демалыс күні болады. Яғни қосымша демалыс күндері көзделмеген.
Сонымен қатар ақпан айында кәсіби және халықаралық күндер атап өтіледі. Олар жұмыс күндеріне сәйкес келгенімен, тиісті сала өкілдері арасында дәстүрлі түрде аталып өтеді.
Қазақстанда белгіленген кәсіби мерекелердің тізбесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығымен бекітілген.
Ақпандағы кәсіби және атаулы күндер:
– 1 ақпан – Азаматтық авиация қызметкерлері күні
– 2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні
– 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні
БҰҰ күнтізбесіне енген халықаралық даталар:
– 4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні, Адамзат бауырластығының халықаралық күні
– 10 ақпан – Дүниежүзілік бұршақ тұқымдастар күні
– 11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні
– 12 ақпан – Қызыл қол күні, Дарвин күні
– 13 ақпан – Дүниежүзілік радио күні
– 20 ақпан – Әлеуметтік әділеттілік күні
– 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні
– 27 ақпан – Үкіметтік емес ұйымдардың дүниежүзілік күні.