ҚЫЗЫЛОРДА. 12 тамыз. Республика аумағында жүргізіліп жатқан «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасы барысында қызылордалық полицейлер Арал ауданы, Жіңішкеқұм елді мекенінен шығысқа қарай 45 шақырым жерде есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрған 5 алқапты анықтады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Нәтижесінде 3704 түп сора өсімдігін күтіп-баптап жатқан жерінен 57 жастағы, 45 жастағы және 32 жастағы үш азамат ұсталды. Тексеру барысында аталған өсімдіктің жалпы салмағы 3 тонна 333 келіні құрайтындығы белгілі болды.
Сонымен қатар, сезіктілердің жатын орындарына тінту жүргізу кезінде, аталған аумақта орналасқан күркеден жалпы салмағы 28 келіні құрайтын 77 түп кептірілген сора өсімдігі табылды.
Қазіргі таңда, аталған үш азаматтың үстінен Қылмыстық кодекстің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Үш азамат та уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: «ҚазАқпарат».

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше