12 Мамыр, 2015

Қарағандыда болған атыста үш адам жараланып қалды

286 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

12-05-15-strelba-1

ҚАРАҒАНДЫ. 12 мамыр. Қарағанды қаласында жанжалдасушы топ арасында атыс болып, соның салдарынан үш адам жарақат алып қалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқыс оқиға 11 мамыр күні болған. Сол күні 23 жастағы полиция қызметкері Самат Ысқақов үйіне қайтып келе жатып, көшеде керілдесіп тұрған бір топ адамды байқап қалады. «Үстімде қызметтік формам бар еді. Жақындап келе жатқанымды көрген екі жігіт қашып кетті. Қолында қаруы бар олардың бірі бірнеше рет оқ атты», - деді полиция сержанты болған оқиға жайында. Құқық қорғау органдары қызметкерінің айтуынша, содан кейін де жанжал болған жерде екі жігіт қалған. Олардың біреуінің қолында «Оса» травматикалық тапаншасы болыпты. «Жараланған ер адам полицейдің басына қару тақап, одан араласпауын талап еткен. Самат қорғаныс шараларын пайдаланып, ер адамның қолынан қаруын қағып түсірген. Тапанша жерге түсе салысымен, ер адам қасында тұрған көлікке қарай жүгірген», - деді облыстық ішкі істер департаментіндегілер. Осының артынша сержант полицияға хабар берді. Ол бетіне оқ тиген 20 жасар жігітті полицейлер келгенше күзетіп тұрған. «Біраз уақыт өткеннен кейін полицейлер «Оса» тапаншасынан оқ атқан 34 жастағы ер адам мен 39 жастағы оның досын ұстады. Олар қаладағы ауруханалардың бірінде ұсталды. Екі ер адам да жараланған», - деді полицейлер. Қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Айқын Несіпбай. Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: tengrinews.kz.