ҚЫЗЫЛОРДА. 12 тамыз. Биылғы жылдың 7 айында полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың заңды талабына бағынбау, қарсылық көрсету және күш қолдану бойынша 14 факт тіркелді. Олар бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа жіберілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сондай бір ғана оқиғаны айтайық. Жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камерасы арқылы Мұратбаев көшесінің бойында «Нексия» маркалы автокөліктің қарсы бағытына шығып, жол қозғалысы ережесін бұзғандығын байқайды. Жедел түрде осы аумаққа жауапты «Боран-9» экипажы қызметкерлеріне хабар береді. Полиция қызметкерлері аталған автокөлікті тоқтатып, құжаттарын сұрау барысында, 1990 жылы туған қала тұрғыны билік өкілінің заңды талабына бағынбай, қатты жылдамдықпен жүріп кетеді. Заң бұзушы полицияның кіші сержантын 10 метрдей қашықтыққа дейін сүйретіп, бірнеше дене жарақаттарын салған.
Тәртіпке бағынбай, заң өкілдеріне мұрнын шүйіре қарағандар тиісті жазасын алады.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: idrive.kz.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше