Оқиға • Кеше

Атырауда баскетбол алаңында 13 жастағы жасөспірім көз жұмды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы AiRom Arena спорт кешенінің баскетбол алаңында 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Қайғылы оқиға 8 қаңтарда болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда баскетбол алаңында 13 жастағы жасөспірім көз жұмды

фото: pexels.com

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Спорт кешенінің мейірбикесі жүрек-өкпе реанимациясын жүргізгенімен, 103 бригадасы келген сәтте жасөспірім жансыз болған.

Жергілікті басылымның дерегінше, марқұмның жүрек жеткіліксіздігі болған, алайда ол медициналық есепте тұрмаған.

Айта кетейік, 3 қаңтар күні Алматы облысында мұз астына түсіп кеткен жасөспірім қаза тапқан еді. 

Соңғы жаңалықтар

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Руханият • Бүгін, 08:45

Оралхан арманы орындалып келеді

Руханият • Бүгін, 08:43

Желіде жарысқан мұғалімдер

Білім • Бүгін, 08:37

Жәрдемақы мөлшері артты

Қоғам • Бүгін, 08:35

Сан бар, сапа қандай?

Білім • Бүгін, 08:33

Білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 08:28

Өркендеудің қозғаушы күші

Жастар • Бүгін, 08:17

Ашық ой, айқын ұстаным

Пікір • Бүгін, 08:15