Елорда • 13 Қаңтар, 2026

Астана әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына енді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана алғаш рет Numbeo халықаралық рейтингінде ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына сенімді түрде кірді. Қазақстан астанасы бір жыл ішінде 24 сатыға жоғарылап, 105-орыннан 81-орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына енді

Қаланың қауіпсіздік индексі 66,7-ден 67,5-ке өсті. Бұл Астананы қылмыс деңгейі төмен әрі тұрақты қалалық орта қалыптасқан мегаполистер тобына қосты.

Numbeo рейтингі тек ресми қылмыс статистикасын ғана емес, тұрғындардың өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетінін, полиция жұмысының көрінісі мен тиімділігін, сондай-ақ қала инфрақұрылымының сапасын ескереді. Оған жарықтандыру, қоғамдық кеңістіктер және көлік жүйесі де кіреді.

Елімізде қылмыс жылдан-жылға азайып келеді

Алматы керісінше, үздік жүздіктен тыс қалды. Қала 195-орынға жайғасты. Қауіпсіздік индексі 46,7 деңгейінде сақталғанымен, бұл көрсеткіш рейтингте жоғарылауға жеткіліксіз болды.

2025 жылы әлемдегі ең қауіпсіз қалалар қатарында Абу-Даби, Доха және Дубай көш бастады. Рейтингке барлығы 263 қала енген. Сол тізімге Қазақстаннан тек Астана мен Алматы ғана кірді.

Қылмыс төмендеп, цифрландыру күшейді: ІІМ 2026 жылғы басым міндеттерді белгіледі

Соңғы жаңалықтар