Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Атап айтқанда, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық, ұрлық және бұзақылық баптары бойынша тіркелген қылмыстар азайған. Сонымен қатар ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 100 пайызға жеткен.
Қылмыс азайып, цифрландыру күшейді: ІІМ 2026 жылғы басым міндеттерді белгіледі
Құқық қорғау органдары өткен жылы іздеуде жүрген 1,5 мыңнан астам адамды ұстады. Бұдан бөлек, хабарсыз кеткен 20 мыңнан астам азаматтың жүрген жері анықталып, отбасына қайтарылды.
Президент Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды
Ішкі істер министрлігі биылғы жылы жасанды интеллектіні басым бағыттардың бірі ретінде айқындап отыр. Ведомствоның айтуынша, бұл технология құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмысты болжау және жедел-іздестіру жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.