АСТАНА. 12 мамыр. Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатында нәсілшілдікпен күрес қатаң жүргізілетін болды. Осы мақсатта ФИФА жаңа жүйенің тұсауын кесті. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.
Жаңа ережеге сәйкес, ойын барысында жол берілген кемсітушіліктерді тіркеп отыратын арнайы бақылаушылар жұмыс істейді. Нәтижесінде ФИФА өкілдері анықтаған келеңсіздіктер матчтың хаттамасына тіркеледі. Соған сәйкес кінәлі тарап жазаланатын болады.
Жаңа жүйенің тұсау кесу рәсіміне Африка құрлығының өкілі, Кот д-Ивуар құрамасы мен Англияның «Манчестер Сити» командасының ойыншысы Яя Туре қатысты. Бұл футболшы бірнеше жыл бұрын Мәскеудің ЦСКА-сында ойнап жүрген кезінде нәсіліне байланысты жанкүйерлер тарапынан талай мәрте кемсітуге ұшыраған еді.
Айта кетейік, 2018 жылғы әлемдік доп додасы Ресейдің 11 қаласында орналасқан 12 стадионда өтеді. Футбол тойы өтетін қалалар: Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Қазан, Волгоград, Нижний Новгород, Самара, Саранск, Екатеринбург, Ростов және Сочи.
Еламан Қоңыр.
Дерек: interfax.ru.
Сурет: fifa.com.
• 12 Мамыр, 2015
ФИФА нәсілшілдікпен күрестің жаңа жүйесін таныстырды

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06