ҚЫЗЫЛОРДА. 12 тамыз. Қызылордада бір ай көлемінде футболды дамытудың Жол картасы жасалады. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» футбол клубымен кездесуінде айтты, деп хабарлады egemen.kz тілшісі.
Жиын барасында аймақ басшысы тиісті сала басшыларына бір ай көлемінде футболды дамытудың Жол картасын дайындауды тапсырды. Онда «Қайсардың» намысын қорғайтын балалардың еуропалық футбол академияларында тәлім алу мәселесін қарастыру қажеттігін айтты. Мамандар енді осы бағытта жұмыс жасайды. Негізінде өңірде футболды дамытуға байланысты 2020 жылға дейін жоспарланған арнайы бағдарлама бар. Онда стадион салу, инфрақұрылым мәселелерін шешу қаралған болса, Жол картасының артықшылығы балалар футболына мән берілмек.
Қызылорданың «Қайсарына» жаңа бапкер келді. Енді Сыр аяқдопшыларын ресейлік маман Федор Щербаченко жаттықтыратын болады. Ол «Кубан», «Томь», «Москва», «Балтика», «Губкин», «Мордовия», «Ротор» сынды командалардың тізгінін ұстаған. Жаңа бапкер өзіне ұсыныс білдіріп, шақырту алғанына ризашылығын білдірді.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: baq.kz.
• 12 Тамыз, 2015
Қызылорданың жас футболшылары Еуропада тәлім алады

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше