12 Мамыр, 2015

Қарағандыда қызды пәршелеп өлтірген жігіт оқиға жайын айтып берді

284 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

12-05-15-karaganda-2

ҚАРАҒАНДЫ. 12 мамыр. Қарағандыда 6 мамырдан бері жоқ болып кеткен қызды бөлшектеп өлтірген жігіт құқық қорғау органдары қызметкерлеріне оқиғаның жай-жапсарын айтып берді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «25 жастағы қарағандылық қызды қатыгездікпен өлтірген жігіт оқиғаның жай-жапсарын айтты», - делінген хабарламада. Айта кетейік, Қарағанды қаласында тұратын Аяулы Сүлейменова 6 мамыр күні аяқ астынан жоқ болып кетеді. Бұдан кіпі алған туыстары әлеуметтік желі арқылы жұртқа хабар беріп, Аяулыны іздестіруге көмек сұрайды. Жоғалған қыздың хабары тек үш күннен кейін ғана шығады. Жұрт Жеңіс күні мейрамын  тойлап жатқан кезде қыздың жүк шабаданға бөлшектеліп салынған мәйіті жергілікті мектептің аумағындағы құдықтан табылады. Қарағанды қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол 9 мамыр күні Сүлейменованы өлтірген деген күдікпен Осакар ауданының 20 жасар тұрғыны Ержан Тыраев ұсталады. Ол ХҚО қызметкері Аяулы Сүлейменованың 3 бөлмелі пәтеріндегі бір бөлмені жалға алып тұрған. Тексере келгенде, жігіттің колледж оқушысы екені де белгілі болды. Жуырда ол Молодежное елді мекеніне өндірістік тәжірибеден өтуге жіберілген екен . Үй иесімен жанжал туатын 6 мамыр күні ЕржанТыраев Аяулыға бөлмені жалға алып тұрғаны үшін 3 мың теңгені беріп, бүкіл мамыр бойы Молодежноеда болатынын айтып, жалға алу ақысын толық 1 айға төлемейтінін айтқан. Осының салдарынан үй иесі мен жігіттің арасында ұрыс туады. Соның барысында студент үй иесінің басына 2 рет соққы береді. Соққы қатты тиген Аяулы жерге құлап түсіп, бірден бақилыққа аттанып кетеді. Мұны байқаған Ержан Тыраев қыздың өлі денесінен құтылмақшы болған. Ол Сүлейменованың мәйітін бөлшектеп, шабаданына салып, тысқа алып шығады. Бірақ оны алысқа апармай, сол маңдағы 16 мектептің жанындағы жылу құбырының құдығына тастай салады. Ал қыздың туыстары оның мәйітін тапқан кезде ЕржанТыраев жалған оқиғаны қиыстырып, біраз өтірік айтады. Студент Аяулыға ер кісінің келіп, оның екеуін оңашада қалдыруын сұрағанын, ал артынша үйге оралған кезде онда ешкімнің болмағанын баяндайды. Бірақ істі жүргізуші тергеушілер бұл ақпараттың ойдан шығарылғандығын бірден байқаған. Қазір Ержан Тыраевқа қарсы қылмыстық іс қозғалды. Айқын Несіпбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: Новый вестник.