ҚЫЗЫЛОРДА. 12 тамыз. Биыл Қызылорда облысында 83 нысан пайдалануға берілмек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артық. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қызылорда облысы құрылыс салу қарқыны бойынша республикада алдыңғы қатарға шықты. Бүгінде білім беру саласы бойынша 24 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін оның 20-сы ел игілігіне беріледі. Сонымен қатар, осы жылы жетім балаларға қамқорлық жасау мақсатында «Балалар ауылы» пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау саласы бойынша 6 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 3-і жыл соңында ашылады.
Мәдениет саласы бойынша биыл 7 ауылдық клуб, кітапхана және мұражайдың құрылысы жүргізілуде. Спорт саласына келсек, жыл соңына дейін ипподромның және Бокс орталығының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, қаладағы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы қайта жаңғыртылады. Бұған қоса, биыл Илья Ильин атындағы ауыр атлетика халықаралық орталығы мен 3 мың орындық жабық футбол манежінің құрылысы басталады.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: diapazon.kz.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше