Аймақтар • Кеше

Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қаңтар сағат 11:09 шамасында Ақтау қалалық полиция қызметкерлеріне айналасындағыларға мән бермей теңіз ортасына қарай бет алған жасөспірім туралы хабар түскен, деп жазады Egemen.kz.

Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды

Фото: gov.kz

Оқиға орнына дереу жеткен Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Абдурахим Сәтешов және Азамат Қарабалаев жағдайдың аса қауіпті екенін көріп, кідірместен теңізге секірген. Өздерінің жеке қауіпсіздігін елемей, олар жасөспірімді жағаға алып шығып, баланың өмірін сақтап қалды.

Қазір жасөспірімнің жағдайы орташа, тұрақты. Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жасөспіріммен өмірін қауіпке тікпеу туралы әңгіме жүргізілген. 

Бұған дейін ұлытаулық полицейлер өрт шыққан үйден үш баланы құтқарып қалғанын хабарлағанбыз.

Ал Астанада құтқарушылар биіктен секірмек болған қызды аман алып қалды.

Соңғы жаңалықтар