Әлем • Бүгін, 15:00

Сирия Алеппо провинциясына қосымша әскер кіргізді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сирия Қорғаныс министрлігі Алеппо провинциясына қосымша әскер кіргізіп, шығыс бөлігін жабық әскери аумақ деп жариялады. Бұл шешім өңірдегі қауіпсіздік ахуалының күрт ушығуына байланысты қабылданған, деп жазады Egemen.kz.

Сирия Алеппо провинциясына қосымша әскер кіргізді

Фото: ашық дереккөз

Ведомство мұндай қадамға оппозициялық коалиция – Сирия демократиялық күштері құрамындағы күрд жасақтарының аймаққа ауыр қару-жарақпен тартылуы себеп болғанын хабарлады. Әскери бөлімшелер Алеппоның шығыс аумағына орналастырылған.

АҚШ Сириядағы содырларының нысандарына соққы жасады

Сирияның солтүстігіндегі жағдай 6 қаңтарда күрделене түсті. Сол күні «СДС» коалициясы ұшқышсыз аппараттар арқылы үкімет күштерінің позицияларына соққы берген. Бұған жауап ретінде әскери бөлімдер күрд жасақтарына тиесілі оқ-дәрі қоймасын жойған.

Осыдан кейін Алеппоның бірнеше ауданында өзара қарқынды соққылар басталды. Тараптар қақтығыстың өршуіне бірін-бірі айыптады. Қақтығыс салдарынан 24 адам қаза тауып, тағы 129 адам түрлі жарақат алған.

Кейінірек, 11 қаңтарда тараптар атысты тоқтату жөнінде келісімге келді. Алайда аймақтағы әскери күштер сақтық шараларын күшейтіп, жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Соңғы жаңалықтар