Сауда • 14 Қаңтар, 2026

Бағаны негізсіз өсірген сауда орындарына 481 030 теңге айыппұл салынды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында соңғы 2 айдың ішінде әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз өсіргені үшін сауда орындарына қатысты 74 әкімшілік шара қолданылып, 481 030 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағаны негізсіз өсірген сауда орындарына 481 030 теңге айыппұл салынды

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовтің мәлімдеуінше, қазіргі таңда басқарма тарапынан «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның азық-түлікті тұрақтандыру қоры департаментімен бірлесе тиісті жұмыстар жүргізілуде. Тұрақтандыру қорында 22 мың тонна өнім бар. Қажеттілігіне қарай қордағы тауарларды нарыққа шығарып, бағаны тұрақтандыру шаралары дер кезінде қабылданып жатыр. Сонымен қатар қыс мезгіліндегі маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдеріне бағаны тежеу үшін 12 340 тоннаға форвардтық келісімдер жасалып, желтоқсан айынан бастап нарыққа шығарылуда. Өңір тұрғындарын арзандатылған азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде жәрмеңкелер өткізіліп келеді. Былтыр 500-ге жуық жәрмеңке өткізіліп, 10 мың тоннадан астам өнім төмен бағада ұсынылды.

Шымбұлаққа көтерілу бағасы қайта арзандады

Сонымен қатар облыста 40 заманауи әлеуметтік дүкен қызмет көрсетуде. Бұл дүкендерде әлеуметтік азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан 30-40% төмен саудаланып отыр. Одан бөлек, арзандатылған әлеуметтік азық-түлік тауарлары 50-ден аса ірі сауда орындарындағы әлеуметтік бұрыштарда сатылып жатыр. Бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында 20 жұмыс тобы тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.

Айта кетелік, басқарманың мәліметіне қарағанда, облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі тұрақты деңгейде сақталып, 2025 жылдың қортындысымен 107,2%-ды құраған.

ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар