Архив • 15 Қаңтар, 2026

Бибігүл Жексенбай: Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенатор Бибігүл Жексенбай аудандық және облыстық баспасөз мұрағатын сақтау мәселесін көтеріп, бұл бағыттағы олқылықтардың тарихи және құқықтық салдарына назар аударды. Оның айтуынша, өңірлік газеттер ел тарихының тірі шежіресі саналады. Алайда олардың мұрағаттары соңғы жылдары жүйелі қауіп-қатерге ұшырап отыр, деп жазады Egemen.kz,

Бибігүл Жексенбай: Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды

Деректерге сүйенсек, Қазақстанда 200-ден астам аудандық және қалалық газет бар, олардың көбі жүз жылдан астам уақыт бойы үздіксіз шығып келеді. Бұл басылымдар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімдерін және елді мекендердің күнделікті тынысын хатқа түсірген. Соған қарамастан, редакциялар жабылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде мұрағаттардың жоғалуы жиілеп, 1930-2000 жылдары шыққан аудандық газеттер бойынша бірыңғай цифрлық тізілім мен толыққанды электрондық қор әлі қалыптаспаған.

Тоқаев: Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұр

Сенатор құқықтық тәуекелдерге де ерекше тоқталды. 1990-2000 жылдары көптеген ресми шешімдер тек аудандық газеттерде жарияланған. Мұрағаттардың жойылуы азаматтардың құқықтарын қорғауға және сот тәжірибесіне кері әсер етуі мүмкін.

«Тарихи-мәдени мұраның жойылу қаупі тұр. Аудандық газеттер – тәуелсіздік жылдарының шынайы шежіресі, өңір тарихының баға жетпес дереккөзі. Архивтерді қабылдау, сақтау және цифрландыру тәртібі өңірлерде әркелкі. Бірыңғай ұлттық стандарт пен жауапты оператор айқындалмаған. Аудандық газеттер архивтері ғылыми зерттеулерге, демографиялық және әлеуметтік талдауға, мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалауға, журналистер мен өлкетанушылардың жұмысына аса құнды дереккөз. Бұл бағыт «Ұлттық мұра», «Цифрлық Қазақстан» бастамаларының мақсаттарымен үндеседі», деді Бибігүл Жексенбай.

Халықаралық тәжірибеге тоқталған сенатор АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германияда аймақтық және жергілікті газет мұрағаттарын сақтау мен цифрландыру ұлттық басымдық ретінде қарастырылатынын айтты. Бұл елдерде мұндай қорлар Ұлттық архивтерге жүйелі түрде өткізіліп, мемлекеттік бағдарламалар аясында цифрланады.

«Барлық облыстар бойынша аудандық газеттер архивтеріне толық инвентаризация жүргізу, сақтау мен цифрландырудың бірыңғай ұлттық стандартын әзірлеуді ұсынамыз. Біртұтас цифрлық аудандық баспасөз архивін құру мүмкіндігін қарастыру, архивтерді цифрландыруға және жабылған редакциялардың қорларын мемлекеттік архивтерге қабылдауға қаржыландыру көздерін айқындау қажет. Ликвидацияланған немесе қайта ұйымдастырылған редакциялардың барлық архив материалдарын облыстық мемлекеттік архивтерге міндетті түрде тапсыру тәртібін енгізу керек», деді сенатор.

Депутат газет бағасы мен «Қазпошта» мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар