Фото: muftyat.kz
Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.
«Бұл Діни басқарма қызметін заманауи талаптарға бейімдеп, рухани саланы жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болмақ. Аталған көрме баспа және баспасөз, уақыт саласындағы өнімдерімізді таныстыратын алаңға айналады. Зекет, халал, қажылық, цифрлық даму бағыты бойынша қызметтерімізді халыққа ұсынамыз. «QMDB EXPO-2026» рухани саладағы жаңашылдық пен тұрақты дамудың жарқын үлгісі, мүфтият пен қоғам арасында алтын көпір болады деп сенемін», деді Бас мүфти.
Сонымен қоса бас хазірет жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін «Imam AI» мобильді қосымшасының іске қосылатынын айтқан болатын.
Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған діни мерекелер кестесін жариялады.