Заң • 16 Қаңтар, 2026

Саябақта құстарды тамақтандырғандар жауапкершілікке тартыла ма?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде аулаларда және саябақтарда құстарды, тиіндерді, қаңғыбас иттер мен мысықтарды тамақтандырғандар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгені, сондай-ақ көршілердің «полицияға шағымдана алатыны» және содан кейін азаматтарға айыппұл салынатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Орталық коммуникациялар қызметі құрамында жұмыс істейтін AntiFake орталығы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Саябақта құстарды тамақтандырғандар жауапкершілікке тартыла ма?

Фото: diapazon.kz

Әкімшілік полиция комитеті таратылып жатқан ақпараттарда құқықтық ұғымдар әдейі ауыстырылып жатқанын, еліміздің заңнамасында иесіз жануарларды тамақтандыру фактісі үшін әкімшілік жауапкершілік көзделмегенін түсіндірді.

«Әкімшілік жауапкершілік тамақтандыру әрекетінің өзі үшін емес, тек нақты іс-әрекеттердің салдары болған жағдайда туындауы мүмкін. Мәселен, тамақтандырудан кейін тағам қалдықтары қалса, аулалар, саябақтар, скверлер және өзге де ортақ пайдаланылатын орындар ластанса, егер азамат іс жүзінде рұқсат етілмеген қоқыс тастаса жауапкершілікке тартылады», делінген хабарламада.

Жапонияда зообақ қызметкерлері аң костюмін киіп өнер көрсетті

Комитет түсіндірмесіндегі әрекеттер болған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сай 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК) айыппұл салынып немесе 40 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту шарасы қолданылады.

Ал құқық бұзушылық қайта жасалған жағдайда 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе тәртіп бұзушы 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.

«Ертіс орманында» жабайы жануарларға қысқы азық орындары ұйымдастырылып жатыр

Осыған байланысты AntiFake орталығы азаматтарды құқық нормаларын бұрмалайтын ақпаратты таратпауға, эмоционалды пікірлерге ермеуге және ресми түсіндірмелерге сенуге шақырып отыр. 

Қызылқұм арқары мен еуропалық құндыз азайып барады: Сирек кездесетін жануарлар қалай қорғалады?

Соңғы жаңалықтар