Спорт • 16 Қаңтар, 2026

Әскери спортшы Азия чемпионатында топ жарды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының спортшысы, қатардағы жауынгер Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатына қатысып, 70 келіден аса салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери спортшы Азия чемпионатында топ жарды

Қытай Халық Республикасының Сычуань провинциясы, Лучжоу қаласында өткен дүбірлі додаға 19 елден 200-ге жуық спортшы қатысты. Қадырбек бұл сында Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан спортшыларын айқын басымдықпен жеңді.

«Қарсыластарым мықты болды. Тәжірибелері де жеткілікті. Әр жекпе-жек ерік-жігер мен күш-қуатты талап етті. Әйтсе де, жеңіс тұғырынан көрініп, көк байрағымызды желбіреткенім мен үшін үлкен абырой болды», деді чемпион.

Қ.Шынбаевтың халықаралық аренадағы жетістігі әскери спорттың жоғары әлеуетін тағы бір дәлелдеді. Турнир алдағы Азия ойындарына іріктеу кезеңі болып саналатынын да айта кету керек.

Өрт кезінде ерлік танытқан жігіт Ұлттық ұлан қатарына қосылды

Ал жарыс бағдарламасына ММА алғаш рет енгізіліп отыр.  

Ұлттық ұлан сарбазы 7 тілді жетік меңгерген

Соңғы жаңалықтар