Қоғам • Бүгін, 15:33

Қолдау орталығынан кімдер көмек ала алады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біреу білсе, біреу білмес, білім беру ұйымдарында психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді. Осындай қолдау көрсететін орталықтардан ата-аналар, балалар, тіпті педагогтердің өздері көмек ала алады, деп жазады Egemen.kz.

Қолдау орталығынан кімдер көмек ала алады?

Айталық, бүгінде еліміздің 20 өңірінде халыққа кәсіби психологиялық және әдістемелік көмек көрсететін Психологиялық қолдау орталықтары бар. 2025 жылдың қорытындысына қарасақ, орталық мамандары өткен он екі айда 48 019 жеке психологиялық кеңес өткізген. Оның ішінде олар 23 885 кәмелетке толмаған балаға, 14 898 ата-анаға, 9 236 педагогке кеңес берді.

1200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан емдік және психологиялық көмек алды

Бұл көрсеткіштер психологиялық саулық және дағдарыс жағдайларының алдын алу мәселелеріне қоғамның ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді.

Ер адамдар неліктен психологиялық көмекке сирек жүгінеді?

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру ұйымдарында оқушылар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін 9 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Осыған қоса күн сайын азаматтардың өтініштерін қабылдайтын «111» бірыңғай байланыс орталығы арқылы жедел көмек алуға да болады.

Әлеуметтік ғылым: Басымдықтардың жаңа моделі

 

 

Соңғы жаңалықтар