13 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №599

239 рет
көрсетілді
40 мин
оқу үшін
2015 жылғы 31 шілде Астана, Үкімет Үйі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың  бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидалары; 2) Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары; 3) Банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары; 4) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі №599 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) өз қызметін моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі; 2) микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – МУҰ) – ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті ұйымдар; 3) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 4) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға. 3. Мына: 1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын; 3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілерін; 4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлерді, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғаларды қоспағанда, МУҰ/МҚҰ моноқалаларда және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер береді. 4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру МУҰ немесе МҚҰ арқылы жүзеге асырылады. МҚҰ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беруді МУҰ кредит ресурстарын бергеннен кейін жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап МУҰ-ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беруіне рұқсат етілмейді. 2. Микрокредиттер беру тәртібі 5. Шағын кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде микрокредит беру мәселесі бойынша консультациялар алу үшін МУҰ-ға немесе МҚҰ-ға жүгінеді. 6. Шағын кәсіпкерлік субъектісі жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған МУҰ-ға немесе МҚҰ-ға микрокредит алуға өтініммен жүгінеді. 7. МУҰ немесе МҚҰ 10 (он) жұмыс күні ішінде жобаны бағалауды жүргізеді, қорытынды береді және микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. 8. МУҰ-ның микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдауы шағын кәсіпкерлік субъектілері жобаларының осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы негізінде жүзеге асырылады. МУҰ-ның шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша теріс шешім қабылдауы үшін: 1) Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі; 2) осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген микрокредиттердің нысаналы мақсатына сәйкес келмеуі; 3) микрокредиттердің тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, тұрғын жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге бағытталуы; 4) мерзімділікті, қайтарымдылықты, ақылылықты қамтамасыз ететін мәліметтердің болмауы және кредит қаражатының қамтамасыз етілмеуі негіз болып табылады. 9. Микрокредит беру туралы оң шешім қабылданғаннан кейін МУҰ немесе МҚҰ 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісімен микрокредит беру туралы шарт жасасады. 3. Микрокредиттер беру шарттары 10. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру мынадай шарттарды қамтиды: 1) микрокредиттер қайтарымды негізде беріледі; 2) микрокредиттердің нысаналы мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту/салалық шектеулерсіз айналым капиталын толықтыру; 3) микрокредиттер тұтынушылық мақсатқа, алдыңғы кредиттерді өтеуге, тұрғын жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге берілмейді; 4) микрокредит беру мерзімі – 5 (бес) жылдан аспайды; 5) микрокредиттің ең көп сомасы 10000000 (он миллион) теңгеден аспайды; 6) соңғы қарыз алушыға негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең берілуі мүмкін, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспауға тиіс; 7) соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12 %-дан аспауға тиіс. 4. МҚҰ-ның кредит беру тәртібі мен шарттары 11. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредит Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынадай шарттар бойынша беріледі: 1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға; 2) кредит беру мерзімі – 5 жылдан аспайды; 3) игеру кезеңі – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі бюджеттік кредитті алған сәттен бастап 5 жыл; 4) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту/ салалық шектеулерсіз айналым капиталын толықтыру; 5) МУҰ/МҚҰ кредит бойынша негізгі борышты өтеуге жеңілдікті кезең ұсынуы мүмкін, ол кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. 12. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі МУҰ-ға кредит береді және онымен кредит беру туралы келісім жасасады. МУҰ үшін кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 % мөлшерінде белгіленеді. 13. МУҰ осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес МҚҰ-ға кредит ресурстарын береді. Бұл ретте, Бағдарлама шеңберінде кредит беруге осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес 30 және одан жоғары балл алған МҚҰ рұқсат алады. 14. МҚҰ арналған кредит бойынша жылдық ең үлкен номиналды сыйақы мөлшерлемесін МУҰ белгілейді, бірақ ол 4 %-дан аспайды. 15. МҚҰ мен МУҰ арасында уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кредиттік шарт жасалады. 16. Микрокредит беруді МУҰ жүзеге асырған жағдайда кредиттік шарт тікелей МУҰ мен шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында жасалады. 17. МУҰ кредит ресурстарын МҚҰ-ға мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, қамтамасыз ету және мақсатқа сай пайдалану шарттарында береді. 5. Мониторинг 18. МҚҰ берілген кредиттер бойынша МУҰ-ға ай сайынғы негізде ақпарат береді. 19. МУҰ МҚҰ-ға берілген бюджеттік кредиттердің, сондай-ақ: 1) растайтын құжаттар көшірмесін қоса беру қажеттілігін көрсете отырып, қаражатты мақсатты пайдалану туралы ақпаратты сұрату; 2) бюджеттік кредит/микрокредит берілгеннен кейін МҚҰ-ға алушыларға бару (бір бюджеттік кредит/микрокредит бойынша бір реттен артық баруына рұқсат етілмейді) арқылы қарыз алушыларға берілген микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады. 20. Мониторинг нәтижелері бойынша МУҰ осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларына 1-қосымша Микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйымның микроқаржы ұйымдарына кредит ресурстарын беру өлшемшарттары Р/с № Іріктеу өлшемшарттары Көрсеткіштің мәні 1 балл 2 балл 3 балл 4 балл 5 балл 6 балл 7 балл 8 балл 9 балл 10 балл 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 1. Белсенді клиенттердің саны (бірлік) (мәні қаншалықты жоғары болса, балы соншалықты жоғары болады) 50-ге дейін 51-ден 100-ге дейін 101-ден 150-ге дейін 151-ден 200-ге дейін 201-ден 250-ге дейін 251-ден 300-ге дейін 301-ден 350-ге дей ін 351-ден 400-ге дей ін 401-ден 450-ге дейін 450 және одан жоға ры 2. Берілген микрокредиттер дің орташа мөлшері (мың теңге) (мәні қаншалықты аз болса, балы соншалықты жоғары) 3 001-ден және жоғары 2 501-ден 3 000-ға дейін 2 001-ден 2 500-ге дейін 1 601-ден 2 000-ға дейін 1 201-ден 1 600-ге дейін 801-ден 1 200-ге дейін 401-ден 800-ге дей ін 201-ден 400-ге дей ін 101-ден 200-ге дейін 100-ге дейін 3. Меншік капиталдың жеткілікті коэффиценті (К1) (тәуелсіздік коэффиценті) (арақатынасы қаншалықты жоғары болса, балы соншалықты жоғары) 0,02 0,04 0,06 0,08 0,1 0,12 0,14 0,16 0,18 0,2 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 4. Қоржын тәуекелі (%) (негізгі борыш бойынша өтеу мерзімі 30 күннен артық кешіктірілген ағымдағы берешегі бар микрокредиттің МҚҰ-ның жалпы несие қоржынына арақатынасы) (мәні қаншалықты жоғары болса, балы соншалықты төмен болады) 18,1-ден 20-ға дейін 16,1-ден 18-ге дейін 14,1-ден 16-ға дейін 12,1-ден 14-ке дейін 10,1-ден 12-ге дейін 8,1-ден 10-ға дейін 6,1-ден 8-ге дей ін 4,1-ден 6-ға дей ін 2-ден 4-ке дейін 2-ге дейін 5. Ауыл халқына микрокредит беру саласындағы жұмыс тәжірибесі және кредит беру нарығындағы кәсіптік біліктілігі (айларда) (МҚҰ қызмет мерзімі қаншалықты көп болса, балы соншалықты жоғары болады) 6 10 16 22 30 37 42 48 54 60 және одан жоға ры 6. Операциялық өзін-өзі ақтауы (OSS) (%-да) (мәні қаншалықты жоғары болса, балы соншалықты жоғары болады) 100 103 106 109 112 115 118 121 124 127 және одан жоға ры «Бизнестің жол картасы 2020» бизнестің қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларына 2-қосымша Нысан Микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйымның микроқаржы ұйымдарына берілген бюджеттік кредиттердің, сондай-ақ қарыз алушыларға берілген микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу нәтижелері туралы есебі 1. Кіріспе: есепті дайындаудың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері. 2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мониторингтеу: 1) салалық бөліністегі жобалардың саны; 2) өңірлік бөліністегі жобалардың саны; 3) микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – МҚҰ) бөлінісіндегі жобалардың саны. 3. Мониторинг нәтижелері: шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнімдер, көрсеткен қызметтер, құрған жаңа жұмыс орындары, жүргізген салық төлемдері туралы ақпарат; МҚҰ-ға берілген бюджеттік кредиттердің, сондай-ақ қарыз алушыларға МҚҰ берген микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы туралы ақпарат; МҚҰ-ға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бару нәтижелері туралы ақпарат. 4. Қорытынды: негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі №599 қаулысымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленген және микроқаржы ұйымдары шағын кәсіпкерлік субъектілеріне моноқалалардағы, шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі жобаларды іске асыруға беретін микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) жоба – табыс табуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде бизнестің әртүрлі бағыттарында кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы; 2) кәсіпкер – өз жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған шағын кәсіпкерлік субъектісі; 3) қарыз шарты – микроқаржы ұйымы мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттарының негізінде микроқаржы ұйымы кәсіпкерге кредит береді; 4) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға; 5) микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – МУҰ) – ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті ұйымдар; 6) микрокредит – МҚҰ қарыз алушыға осы Қағидаларда белгіленген көлемде және тәртіппен, ақылылық, жеделдік және қайтарымдылық шарттарында ұлттық валютамен беретін ақша; 7) микрокредит беру бойынша субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – МУҰ мен МҚҰ арасында жасалған екіжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерлердің МҚҰ берген микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін МУҰ ішінара субсидиялайды; 8) мемлекеттік даму институттары – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері экономиканың әртүрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар; 9) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ын бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері құрайтын консультативтік-кеңесші орган; 10) субсидиялау – кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде кәсіпкер МҚҰ-ға микрокредит бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылады; 11) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде МҚҰ-ға МУҰ өтеусіз және қайтарусыз негізде төлейтін мерзімдік төлемдер; 12) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 3. Субсидиялау кәсіпкерлер микрокредиттер бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады. 4. МУҰ көрсететін қызметтерге уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді. 5. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган МУҰ-ға Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы өзара жасалатын шарттың негізінде аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың нысанын уәкілетті орган бекітеді. 6. Соңғы қарыз алушылар үшін МУҰ-дан субсидиялар алуды ресімдеу кезінде МҚҰ-ны сүйемелдеу мақсатында МУҰ сервистік қолдау ұйымдарын тартуға құқылы. 2. Субсидия беру шарттары 7. Мына: 1) республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілген; 2) тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, тұрғын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге бағытталған кредиттерді қоспағанда, ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда салалық шектеулерсіз кәсіпкерлердің жеке жобаларын іске асыруға бағытталған жаңа кредиттер субсидиялауға жатады. 8. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған микрокредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) микрокредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды. 9. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға бағытталған микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол берілмейді. 10. Мына: 1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларын іске асыратын; 3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын; 4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлерді, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғаларды қоспағанда, өз қызметін моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушы бола алады. 11. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау кәсіпкерлер МҚҰ-дан алатын жаңа микрокредиттер немесе жыл бойы МҚҰ МУҰ-ға микрокредиттерді субсидиялауға өтініш бергенге дейін алынған микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады. 12. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын микрокредиттер сомасы бір кәсіпкер үшін 10 млн. теңгеден аспауға тиіс. 13. Микрокредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 2 (екі) жылдан аспайды. 14. Субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның ішіне 50 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын шағын кәсіпкерлік субъектісі төлейді. Бұл ретте, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындалу мақсатында көрмеге, симпозиумдарға, көрсетілімдерге, конкурстарға қатысу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері алған микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 70 %-ға дейін жүзеге асырылады. 15. Бағдарлама шеңберінде: 1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларын; 2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарын қоспағанда, МҚҰ қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды. 16. Қолданыстағы микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылданған жағдайда, МҚҰ бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылында өтейді. 3. Субсидиялар ұсыну үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі 17. Кәсіпкер микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау алуға МҚҰ-ға Бағдарламаға сәйкес шарттарда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнама береді. 18. МҚҰ 5 (бес) жұмыс күні iшiнде жобалар бойынша құжаттар пакетін қалыптастырады және МУҰ-ға кәсіпкерлер атынан өтініш беріп, оған мына құжаттарды қоса береді: 1) кәсіпкердің өтініш-сауалнамасы; 2) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік/анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен куәландырылған көшірмесі); 3) егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензия (кәсіпкердің мөрімен/қолымен куәландырылған көшірме); 4) жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда, құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам бұған қоса акциялар шығарылымының проспектісін және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзіндіні ұсынады (тіркеушінің мөрімен/қолымен куәландырылған); 5) өтініш берілген күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 күннен аспаған салық органынан бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама; 6) МҚҰ-ның кредит беру шарттары, оның ішінде сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең (ол белгіленген жағдайда) көрсетілген кредит беру мүмкіндігі туралы немесе Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім шығарылған хаты; 7) жобаның бизнес-жоспары. 19. МҚҰ-дан кәсіпкерлердің құжаттарын алғаннан кейін МУҰ 5 (бес) жұмыс күні iшiнде: 1) өтініш-сауалнамамен бірге тапсырылған міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар пакеті толық тапсырылмаған не бекітілген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда, МУҰ МҚҰ-ға тапсырылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды толықтыруға қайтарады; 2) кәсіпкердің жобасын (осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) алдын ала қарауды және ӨҮК-ке жоба бойынша ұсынымдар әзірлеуді; 3) кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын, мемлекеттік даму институттары арқылы өзге мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуын тексеруді; 4) МҚҰ ұсынған жобалардың қаржылық-экономикалық тиімділігін бағалауды және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлердің жобаларын ӨҮК кезекті отырысына шығару үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес жіберуді жүзеге асырады. Кәсіпкерлерден тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге МҚҰ-ның құқығы жоқ. 20. МУҰ жобалар бойынша құжаттарды жеке МҚҰ-ның микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға тиісті қаржы жылына бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана қабылдайды. 21. Өткізілген отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады: 1) кәсіпкерлердің және олар іске асыратын жобалардың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексереді; 2) кәсіпкер жобаларын және қоса тіркелген құжаттарды, оның ішінде кәсіпкерлердің өтініш-сауалнамаларында көрсетілген басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануы туралы ақпаратын қарайды және ӨҮК мүшелерінің арасында талқылайды; 3) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен (осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) ресімделеді, бұл орайда хаттамада міндетті түрде кәсіпкерді Бағдарламаға қатыстырудан бас тартудың себебі көрсетілуге тиіс. 22. ӨҮК мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде МУҰ МҚҰ-ға ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені жібереді. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі хаттамаға барлық мүшелер қол қойған күннен бастап 6 айды құрайды. 4. Субсидиялау тетігі 23. МҚҰ МУҰ-дан субсидиялау туралы оң шешім қабылданғаны туралы ӨҮК хаттамасынан үзінді алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде МУҰ мен МҚҰ-ның арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес МУҰ МҚҰ субсидиялау шартының кестесіне сәйкес МҚҰ-ға сыйақы мөлшерлемелерін төлеуді жүзеге асырады. 24. Субсидиялау шарты МҚҰ және МУҰ қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте, субсидиялау шартында субсидиялау мерзімінің басталуы МУҰ субсидиялау шартына қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзім қалғанда белгіленуі мүмкін. 25. МУҰ субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін МҚҰ-ға субсидия төлейді. 26. МҚҰ жасалған субсидиялау шарттары бойынша МУҰ-ға субсидия сомаларын аудару үшін ағымдағы шот ашады. 27. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты МУҰ МҚҰ-ның ағымдағы шотына аударуды кәсіпкерлердің барлық мақұлданған жобалары бойынша бірыңғай траншпен субсидиялау шартының төлемдер кестесіне сәйкес ай сайын жүргізеді. Сонымен бірге, МУҰ қаражатты аударғаннан кейін бір мезгілде МҚҰ-ға хабарлама жібереді. Хабарламада МҚҰ-ның атауы, өңірі, кәсіпкерлердің атауы, субсидия сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі. МҚҰ МУҰ-дың хабарламасының негізінде кәсіпкерлердің сыйақы бойынша берешектерін кәсіпкердің төлемдер кестесіне сәйкес субсидия сомасына есептен шығаруды жүзеге асырады. 28. Кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде МҚҰ-ға сыйақы төлеуді қарыз алу шартының төлемдер кестесіне сәйкес жүргізеді. 29. Кәсіпкер сыйақының субсидияланбайтын бөлігі бойынша берешегін өтегенге дейін МҚҰ кәсіпкердің субсидияланған сыйақысы бойынша берешегін есептен шығаруды жүргізбейді. 30. МҚҰ есептік кезеңнен кейінгі айдың күнтізбелік 10 (он) күні ішінде МУҰ-ға сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін есептен шығару туралы есепті (осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) және кәсіпкердің сыйақының субсидияланбайтын бөлігін өтегендігі туралы деректерді жібереді. 31. МУҰ МҚҰ-дан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақының есептелуін және кәсіпкер төлеген МҚҰ қаражатын тексеруді жүргізеді. 32. МҚҰ кәсіпкерге сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең ұсынатын болса, сыйақының субсидияланған бөлігін ол өткеннен кейін МУҰ аударады. 5. Субсидиялауды тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібі 33. Кәсіпкерлердің кредитті толық өтеу, кәсіпкердің бастамасы бойынша субсидиялау шартын бұзу жағдайларын қоспағанда, субсидиялауды тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы шешімді ӨҮК қабылдайды. 34. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мына фактілер бойынша: 1) микрокредитті мақсатсыз пайдалануға байланысты микрокредит ұсыну туралы шартты МҚҰ бұзған; 2) микрокредит ұсыну туралы шартқа сәйкес кәсіпкер төлем кестесіне сәйкес 4 (төрт) ай ішінде төлемдер төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда тоқтатуға жатады. 35. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды тоқтата тұру кәсіпкер микрокредит беру туралы шартқа сәйкес төлемдер кестесіне сай МҚҰ алдындағы міндеттемелерін 2 (екі) ай ішінде орындамаған/тиісінше орындамаған кезде жүзеге асырылады. 36. МҚҰ есебінің негізінде субсидиялауды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға негіз болып табылатын фактілер анықталған кезде МУҰ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы ӨҮК отырысын өткізуге бастама жасайды. ӨҮК отырысын өткізу үшін МҚҰ МУҰ-ға жолданған сұратуға сәйкес материалдарды береді. 37. Өткізілетін отырыс шеңберінде субсидиялауды тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім қабылдау үшін ӨҮК мынадай шараларды жүзеге асырады: 1) ӨҮК мүшелерінің арасында кәсіпкерлердің жобаларын және қоса берілген құжаттарды, сонымен бірге субсидиялауды тоқтата тұруға және тоқтатуға негіз болатын ақпаратты қарайды және талқылайды; 2) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдап, мұндай шешім қабылдаудың нақты себебін көрсетеді; 3) осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес субсидиялау тоқтатыла тұруға тиіс кәсіпкерлердің жобалары бойынша ӨҮК кәсіпкерге ӨҮК-тің отырысы өткізілген күнінен бастап бір ай ішінде төлемдер төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға, оның ішінде қалыптасқан берешекті өтеуге мүмкіндік береді. Кәсіпкер ӨҮК-тің шешімін белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, кәсіпкердің жобасын субсидиялау ӨҮК-те қарамай-ақ тоқтатылуға тиіс. 38. Субсидиялауды қайта бастау туралы шешімді ӨҮК қабылдайды. кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұру үшін негіз болып табылған фактілерді жойған жағдайда, МУҰ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы ӨҮК-тің отырысын өткізуге бастама жасайды. 39. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылдау үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады: 1) ӨҮК мүшелерінің арасында кәсіпкерлердің жобаларын және қоса берілген құжаттарды, оның ішінде субсидиялауды қайта бастауға негіз болатын ақпаратты қарайды және талқылайды; 2) талқылау нәтижелері бойынша осындай шешімнің себебін көрсете отырып, кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. 40. ӨҮК отырысы өткізілген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ӨҮК шешімі (осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) хаттамамен ресімделеді және МҚҰ-ға, МУҰ мен кәсіпкерге жіберіледі. 41. Субсидиялауды тоқтата тұру кезеңінде есептелген сыйақы мөлшерлемесі өтелмейді. 42. Мына: 1) кәсіпкер қарыз шарты бойынша МҚҰ алдындағы кредитті толық өтеген жағдайда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады. Кәсіпкердің МҚҰ микрокредитін толық өтеген күні субсидиялаудың тоқтатылған күні болып саналады; 2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған; 3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады. 43. Кәсіпкер микрокредит бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда МҚҰ МУҰ-ға микрокредит бойынша негізгі борыштың мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелу фактісі туралы хабарлайды. Кәсіпкердің микрокредиті бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда, МҚҰ қарыз шартына қосымша келісім жасасу кезінде МУҰ-ға субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді өзгертілген төлемдер кестесін қоса тіркей отырып, қарыз шартына қосымша келісімнің көшірмесімен қоса хабарлама жібереді. 44. Кәсіпкердің микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, микрокредит бойынша негізгі қарыз ішінара/толық өтелген жағдайда МҚҰ 7 (жеті) жұмыс күні ішінде МУҰ-ға өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін ұсынады. Бұл ретте, МҚҰ салыстырып тексеру актісінде субсидияның сомасы және есептен нақты шығарылған соманы және күнін көрсетеді, ал МУҰ субсидияның аударылған сомасын және күнін көрсетеді. Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Кімге «МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Кімнен _______________________(бұдан әрі – кәсіпкер) № __________ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына қатысу және_________жылғы « » __________№___ микрокредиттік қарыз шартының негізінде берілген микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанында мынадай шарттарда: Микрокредиттің нысаналы мақсаты Микрокредит сомасы Сыйақы мөлшерлемесі Микрокредит валютасы Микрокредит мерзімі мемлекеттік қолдау алу мақсатында Сізден субсидиялау мақұлданған жағдайда микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін субсидиялау мүмкіндігін қарауды сұраймын. 1. Қатысушы туралы мәліметтер Кәсіпкердің атауы Құрылтайшы(лар) туралы деректер Заңды мекенжайы Нақты мекенжайы Пошталық мекенжайы Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің № Қызмет түрлері Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания СТН Жұмыс тәжірибесі 2. Басшылық Бірінші басшы Т.А.Ә Лауазымы Жұмыс/үй тел. Туған жері және жылы Жеке куәлігінің сериясы, № Тұрғылықты жері (нақты) Тіркелген мекенжайы Жұмыс тәжірибесі Бас бухгалтер Т.А.Ә Жұмыс/үй тел. Туған жері және жылы Жеке куәлігінің сериясы, № Тұрғылықты жері (нақты) Тіркелген мекенжайы Жұмыс тәжірибесі Байланыс жасайтын тұлға (Т.А.Ә, лауазымы, телефоны) 3. Меншік иелері (құрылтайшы, қатысушылар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін – акциялардың 1 % және одан көп пайызына иелік ететін тең құрылтайшылар). Атауы/Т.А.Ә. % Деректемелері 4. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат Сала Өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері Жылдық айналым Соңғы есептік кезеңдегі пайда немесе залал Нақты қызметкерлер саны _____________________ олардың ішінде әйелдер ____________________ Жобаның атауы (қысқаша сипаты) Жобаны іске асыру орны (облыс, қала) Жұмыс орындарының саны 5. Банктік шоттары туралы ақпарат Банктік деректемелері (барлық қызмет көрсетілетін банктердегі ағымдағы және жинақ шоттарын көрсету): ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ 6. Кредиттік тарих Кәсіпкердің жұмыс істеу процесінде пайдаланылған, өтелген, сол сияқты қазіргі уақытта өтелмеген барлық банктік несиелері көрсетіледі. Кредитор Сомасы Берілген күні Сыйақыны өтеу шарттары Негізгі борышты өтеу шарттары Қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі Нақты өтеу күні 1. 2. 7. Қолданыстағы кредиттері туралы ақпарат Күні және валюта бағамы: ___/___. Р/с № Ми кро қар жы ұйымы Қарыз шарты ның деректе мелері (№, күні) Сыйақы мөлшерлемесі, % Кредит валютасы Кре дит сомасы Негізгі қарыз бойын ша көрсетілген күндегі берешек Кредит мерзімінің аяқталу күні Кре дит мақса ты (қысқаша сипа ты) 1 2 8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және кәсіпкерге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат Р/с № Мемлекеттік бағдарламаның/мемлекеттік қолдау шарасының атауы Мемлекеттік даму институтының атауы Қосымша ақпарат 9. Кепілдіктер мен келісімдер Кәсіпкер микроқаржы ұйымына (бұдан әрі – МҚҰ) төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді: 1. МҚҰ-ға осы өтінішпен бірге берілген (берілетін) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда МҚҰ-ға дереу мәлімдеуге міндеттенемін. 2. МҚҰ-ның алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпиясы бар кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және жария етуге міндеттенемін. 3. МҚҰ көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес. 4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді. 5. Кәсіпкер өзінің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын тұлғаның осы өтінішті беруіне мүмкіндік беретіндігін растайды. 6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған кезде осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылу мүмкіндігімен келісемін, бұл ретте МҚҰ бас тарту себептерін мәлімдемеуге құқылы. Кәсіпкер осы арқылы МҚҰ-ға мыналарға келісім береді: 1