Қалың қардың салдарынан автокөлік қозғалысын жалғастыру мүмкін болмай, азаматтар жолды жаяу жалғастыруға мәжбүр болған. Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары оларды дер кезінде тауып, қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Құтқарылғандар Ақкөл ауылына жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаждық болған жоқ. Оқиға туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.