Төтенше жағдай • 19 Қаңтар, 2026

Испанияда екі пойыз рельстен шығып кетті: 21 адам қаза тапты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияда жоғары жылдамдықты екі пойыз рельстен шығып кетіп, 21 адам қайтыс болды, 100 шақты жолаушы жарақат алды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Испанияда екі пойыз рельстен шығып кетті: 21 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні кешкісін Испанияның Кордова провинциясында тіркелді. Малага шаһарынан Мадридке бет алған «Iryo» компаниясының жолаушылар пойызы белгісіз себеппен рельстен шығып, қарсы жолаққа ауысқан. Сол мезетте оған Уэльва бағытымен келе жатқан өзге пойыз соғылған. Испаниялық ақпарат құралдарының мәліметінше, екі құрамда шамамен 400 жолаушы болған.

Ақтауда пойыз бен автокөлік соқтығысты

Апаттың неден шыққаны әзірге нақтыланған жоқ. Құтқару бөлімшелері оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Мексикада пойыз рельстен шығып кетті: 13 адам қаза тапты

Испания үкіметінің басшысы Педро Санчес жағдайды тікелей бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді. Қаза тапқандардың отбасыларына елдің корольдік әулеті де көңіл айтты.

Мойынты – Шығанақ учаскесінде 4 теміржолшыны жүк пойызы басып кетті

Аймақтағы азаматтық қорғау қызметінің жетекшісі Мария Белен апаттың қаладан жырақ екенін жеткізді. Соған байланысты апат болған елді мекеннің тұрғындары оқиға орнына жылы көрпе мен ауыз су әкеліп, жарақат алғандарға көмектескен.

Соңғы жаңалықтар