Қоғам • 19 Қаңтар, 2026

Рейстерді кешіктірген FlyArystan мен SCAT компанияларына шара қолданылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі жолаушылардың шағымдарынан кейін әуе компаниялары мен әуежайларда жүргізілген тексерулердің нәтижесінде екі әуе компаниясына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рейстерді кешіктірген FlyArystan мен SCAT компанияларына шара қолданылды

Фото: Ашық дереккөз

2025 жылдың қазан айында мемлекеттік органның инспекторлары Алматы мен Астананың әуе айлақтарына өз инспекторларын жіберіп, жолаушыларға сауалнама жүргізіп, рейстердің кешігуін бақылаған.

Мониторинг барысында мамандар әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу фактілерін анықтады. Азаматтық авиация комитеті FlyArystan (екі хаттама) мен SCAT (бір хаттама) компанияларына  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.

Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Informburo.kz сауалына жауап берген FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі 2025 жылғы 4 желтоқсанда әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аталған істер бойынша өндірісті тоқтатқанын мәлімдеген. Бұған құқық бұзушылық құрамының болмауы себеп болған. Қаулы заңды күшіне енген.

Сондай-ақ Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінде Алматы мен Астана әуежайлары жалпы алғанда рейстердің уақтылы орындалуы бойынша жоғары деңгей көрсетіп отырғаны атап өтілген.

Астана әуежайында ауа райына байланысты бірқатар рейс кешіктірілді

Дегенмен әуежай операторларына әуе кемелеріне қызмет көрсетудің технологиялық кестесін уақытылы орындау үшін үдерістерді жетілдіру, сондай-ақ жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша ұсынымдар берілген. 

Соңғы жаңалықтар

Жетісуда мал саны өскен

Жануарлар • Кеше