Фото: Үкімет
Алдымен диаметрі 400 миллиметр болатын магистральде ақау тіркеліп, кеше сол аумақта тағы төтенше жағдай анықталған. Салдарынан қаладағы 7 ықшамауданда орналасқан ғимараттардың жылу температурасы күрт түсіп кеткен. Бұл қатарда балабақша, аурухана сынды әлеуметтік маңызы бар нысандар мен бизнес орталықтар бар.
КТК мәліметінше, жазда қала билігі жылу желілерінің 1 шақырымын жаңартқанымен, ақау шыққан аумақ бұл жоспардан тыс қалған.
Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Қыдырбековтің айтуынша, қазір ақау шыққан аумақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Астанада тағы бір газ жылу станциясының құрылысы басталды
«№2 жылу магистралінде диаметрі 320 миллиметрлік құбырдан ақау шықты. Қазір оны ауыстырып жатырмыз. Жақын арада жұмыстар толық аяқталады. Кейін нысандар қайта жылу желісіне қосылады», деді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.
Бұған дейін Теміртауда 8-ші шағын аудан мен Отрадное көшелерін жылумен қамтамасыз ететін магистральды жылу құбырында апат болған. Оқиға салдарынан 40 көпқабатты үй мен ондаған жеке тұрғын үй жылусыз қалған еді.