Құрылтай • Бүгін, 13:53

Президент Ибраһим келісімдеріне не үшін кіргенімізді айтты

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент дипломатияның жауапкершілігі мен халықаралық шешімдердің салмағына арнайы тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

Президент Ибраһим келісімдеріне не үшін кіргенімізді айтты

«Жалпы, дипломатияда қате қабылданған шешімнің құны тым жоғары. Ол мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесіне орны толмас зиян келтіруі мүмкін. Мұны біз өз тәжірибемізден жақсы білеміз. Экономикада бір бағдарламаны немесе тұжырымдаманы басқа құжаттармен алмастыруға болады, өкінішке қарай, бізде бұл жиі кездеседі. Ал халықаралық шарттардағы қолтаңбаны кері қайтарып алу, әдетте, мүмкін емес. Қаламмен жазылғанды балтамен шаппайсың. Біздің түсінігімізде дипломатия – ымыра мен келісімге жетудің ең маңызды, тіпті баламасы жоқ құралы. Ол қақтығысқа немесе дауға апаратын жол емес. Кез келген жанжал шынайы ниет пен кәсіби біліктілік болған жағдайда еңсеріледі», деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы жаңа Парламенттің атауын «Құрылтай» деп атауды ұсынды

Президент сондай-ақ Ибраһим келісімдеріне қосылу жөніндегі шешімнің мәніне тоқталды.

«Мен Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешім қабылдадым. Мұндай келісімдердің өзі – дипломатиядағы тың жаңалық. Ол Президент Трамптың тарихи контексті және қазіргі саяси шындықты терең түсінуінен туындады. Ибраһим келісімдерінің Таяу Шығыста орнықты бейбітшілік орнатуға ықпал ететініне және бұл шешімнің дұрыстығына сенімдімін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Орталық Азиядағы рекорд: Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 300 млрд доллардан асты

Мемлекет басшысы бұл келісімнің атауының өзінде терең мағына бар екенін атап өтті.

«Бұл келісімнің түпкі мәнін түсіну үшін оның атауына назар аударуымыз керек. Авраам, яғни Ибраһим – иудаизм, христиан және ислам діндеріне ортақ пайғамбар. Еліміз бүкіл адамзатты біріктіретін құндылықтарға сүйенуі тиіс. Біз түрлі халықтар мен дін өкілдері арасында татулықтың болғанын қалаймыз. Сондықтан бұл келісімге қосылудың мән-мағынасы айрықша. Бұл қадам еліміздің халықаралық беделіне оң серпін береді», деді Президент.

Вице-президенттің міндеті қандай болады?

Соңғы жаңалықтар

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • Бүгін, 19:02