Футбол • Кеше

«Қайрат» – «Брюгге» матчын қайдан көруге болады?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» клубы «Астана Арена» стадионында белгиялық «Брюггені» қабылдайды. Қос клуб арасындағы кездесу 20:30-да басталады, деп жазады Egemen.kz.

«Қайрат» – «Брюгге» матчын қайдан көруге болады?

«Қайрат» – «Брюгге» матчын тікелей эфирде «Qazaqstan» ұлттық арнасы көрсетеді. 

«Қайрат» үшін бұл матч Чемпиондар лигасы аясында өз аренасында өткізетін соңғы ойын болмақ. 

Аталған ойыннан кейін «Қайрат» азулы «Арсеналға» қарсы доп тебеді. Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 29 қаңтарға қараған түні сағат 1:00-де Лондондағы Emirates Stadium стадионында өтеді. 

Айта кетейік, «Қайрат» – «Арсенал» матчына билет бағасы жарияланды.

Сондай-ақ «Қайрат» құрамы жаңа екі ойыншымен толықты. 

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» сапынан израильдік жартылай қорғаушы Офри Арад кеткенін хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар