Қалада өткен жылы бірқатар ірі жобалар басталып, кейбірі өз мәресіне жеткен. Оның ішінде «Көшпенділер» қалашығына дейін 6,8 шақырым жол салынды. Мұнда жол бойы толығымен жарықтандырылып, қалашықтың алдында автотұрақ ұйымдастырылды.
Ал «Қарлығаш» ықшамауданында 7,4 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл ауданда 8,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, аялдамалар орнатылады. Сондай-ақ көше бойы жарықтандырылады. Жоба биылғы жылға өтпелі.
Кешенді даму жоспарына сәйкес, Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Кербұлақ, Сарыбұлақ, Ақөзек, Қосқұдық ауылдары бойынша 29,2 шақырым жол жөнделді. Жолдарды күтіп ұстауға келер болсақ, 4 000 шаршы метр шұңқыр жамалып, 1 300 метрге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 520 дана жол белгісі, 14 жасанды төмпешіктер орнатылды.
Алматы облысы