Экономика • 21 Қаңтар, 2026

Қазақстанда мұнай өндірудің уақытша тоқтауы: «Қара алтын» бағасы қымбаттады

21 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сейсенбі күні Қазақстандағы Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндірудің уақытша тоқтауына байланысты әлемдік мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда мұнай өндірудің уақытша тоқтауы: «Қара алтын» бағасы қымбаттады

Фото: depositphotos.com

Reuters агенттігінің мәліметінше, америкалық Chevron компаниясының еншілес кәсіпорны – «Теңізшевройл» электрмен жабдықтаудағы ақауларға байланысты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Өндіріс тағы 7-10 күнге дейін тоқтап тұруы мүмкін, бұл Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай экспортын қысқартуға әкеледі.

Осы жағдай шеңберінде Brent маркалы мұнай фьючерстері 98 центке қымбаттап, баррелі 64,92 долларға жетті. Ал WTI маркалы мұнай бағасы 1,11 долларға өсіп, баррелі 60,55 доллар болды.

ICIS компаниясының энергетика жөніндегі директоры Аджай Пармардың айтуынша, «Теңіз» – әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі болғандықтан оның тоқтауы, әрине, жеткізілімге әсер етеді, алайда бұл уақытша жағдай.

Нарыққа Қытайдан келген оң экономикалық деректер де қолдау көрсетті. Елдің жалпы ішкі өнімі төртінші тоқсанда 5%-ға өсіп, сарапшылар болжамынан жоғары нәтиже көрсетті. Мұнай өңдеу көлемі 4,1%-ға, ал шикі мұнай өндіру 1,5%-ға артты. IG Market сарапшысы Тони Сайкамордың айтуынша, бұл мұнайға деген сұранысты күшейтіп, бағаның өсуіне ықпал еткен.

Әлем мұнай бағасына тәуелді...

Сонымен қатар, Reuters мәліметінше, мұнай бағасына халықаралық валюта қорының (ХВҚ) әлемдік экономика өсіміне қатысты болжамдары, дизель отыны бағасының көтерілуі және доллардың әлсіреуі де әсер етті. Доллардың арзандауы мұнайды өзге елдер үшін қолжетімді ете түседі.

Дегенмен, инвесторлар АҚШ тарапынан жаңа баж салығы енгізілуі мүмкін деген тәуекелдерді де бағалап отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін 1 ақпаннан бастап бірқатар еуропалық елдерден әкелінетін тауарларға 10 пайыздық тариф енгізілетінін, ал Гренландияны АҚШ бақылауына алу жөнінде келісімге қол жеткізілмесе, 1 маусымнан бастап бұл көрсеткіш 25 пайызға дейін өсетінін мәлімдеген. Аджай Пармараның пікірінше, мұндай шаралар экономикалық өсімді баяулатып, мұнайға деген сұранысты төмендетуі мүмкін. Еуропалық комиссия ықтимал тарифтерді «қателік» деп атап, Арктикадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспары дайындалып жатқанын хабарлады.

«Қара алтын» арзандаса, қазына ортаймай ма? Венесуэла факторының қазақ экономикасына әсері

Бұған дейін 18 қаңтарда Теңіз кен орнында турбина трансформаторының өртенгені, соның салдарынан кәсіпорын аумағынан 473 қызметкер эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Осыдан кейін Қазақстандағы ірі кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды. «Қара алтын»

Мұнай бағасы неге күрт өсті?

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35