Оқиға • 22 Қаңтар, 2026

«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 қаңтарда Астанада өткен матч кезінде үш бельгиялық жанкүйер трибунаға әдейі көзге түсетін жасыл купальник киіп шыққан. Дәл осы киімді «Борат» фильмінің басты кейіпкері киген. Бұл оқиға бірден камераларға түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды

Фото: ашық дереккөз

Кейін тәртіп бұзған жанкүйерлер ұсталды. Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, олар түсініктеме алу үшін бөлімшеге жеткізілген. Құқық бұзушыларға ұсақ бұзақылық және қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік іс қозғалды.

Чемпиондар лигасында гол соққан «Қайрат» ойыншысы «Ақтөбеге» ауысады

Іс сотқа жолданып, жанкүйерлер уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Айта кетейік,  «Астананың» Конференциялар лигасындағы матчтарының бірінде «Челси» жанкүйерлері «Бораттың» бейнесі салынған баннерді стадионға алып кіруге тырысқан болатын.

Бұған дейін «Қайраттың» бельгиялық «Брюггеден» ірі есеппен жеңілгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар