АСТАНА. 24 наурыз. Орталық сайлау комиссиясы бірнеше үміткерді тіркеуден бас тартты. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.
Комиссияның 24 наурыздағы отырысында Якобжан Жүнісбековті, Қайрат Әлембайұлы Маишевті, Айгүл Дүйсенқызы Өтепова мен Амантай Хантемірұлы Асылбекті президенттікке кандидаттар ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулыларын қабылдады. Бұл шешім аталған кандидаттар лингвистикалық комиссияның отырыстарына келмегендіктен, олардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның кандидаттарға қойылатын талаптарының мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бөлігінде сәйкестігінің белгіленбеуіне байланысты туындады.
Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы Қанат Сабырұлы Есжанов пен Біржан Жетіруұлы Ділмағамбетті бұлардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімінен өтуден бас тартуларына байланысты кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. Сонымен қатар Комиссия хатшысы Бақыт Мелдешов Мұхамедрахим Қадырбайұлы Құрсабаевтан, Мэлс Хамзаұлы Елеусізов пен Жақсыбай Әбішұлы Бәзілбаевтан өз кандидатураларын алып тастау туралы жазбаша өтініштерін қабылдап, арнайы шешім шығарды.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев: «Үш үміткер Мұхамедрахим Қабырбайұлы Құрсабаев, Мэлс Хамзаұлы Елеусізов және Жақсыбай Әбішұлы Бәзілбаев Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беріп, өз кандидатураларын алып тастады. Сол себептен бізге хаттама ретінде шешім қабылдауымыз керек. Ол шешімде бұл үміткерлерді біз тіркеуден бас тартамыз», – деді.
Жоғарыда айтылып өткен қаулылардың жобасын ОСК мүшелері бірауыздан мақұлдады.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: «Хабар» телеарнасы.

Министрлік АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Павлодарда ер адам есірткі қосылған көкнәр тұқымын сатқан
Есірткі • Бүгін, 13:13
«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Үкімет • Бүгін, 13:02
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 12:55
Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 12:39
Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 12:35
Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
Футбол • Бүгін, 12:29
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Әлем • Бүгін, 11:48
Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:45
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:37
Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Жүргізушісіз такси: Алматы мен Астанада жаңа көлік қызметі енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:07