Экономика • Кеше

KASE-де еуромен есеп айырысу енгізілуі мүмкін

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) нарық қатысушыларына ұсынылатын қызметтер мен қаржы құралдарының аясын кеңейту бағытындағы жұмысты жалғастырып келеді. Осы мақсатта биржа еуромен есеп айырысуды енгізу мүмкіндігін зерттей бастады. Бұл бастама сауда операцияларының тартымдылығын арттырып, KASE-нің халықаралық деңгейдегі позициясын күшейтуге жол ашуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.

KASE-де еуромен есеп айырысу енгізілуі мүмкін

Еуромен есеп айырысуды қарастыруға бірнеше фактор әсер еткен. Атап айтқанда, еуроның Қазақстанның халықаралық саудасындағы маңызы, Еуропа елдерімен орныққан сауда және инвестициялық байланыстар, сондай-ақ нарық қатысушылары тарапынан валюталық есеп айырысуды әртараптандыруға деген сұраныс бар.

KASE жақсылықтан үмітті

KASE өкілдерінің айтуынша, еуроға қызығушылық Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметіндегі бұл валютаның рөлімен тікелей байланысты. Сонымен қатар биржалық операцияларда валюталық мүмкіндіктерді кеңейту қажеттігі де өзекті. Еуропалық юрисдикциялармен қалыптасқан тұрақты сауда-инвестициялық қатынастар бұл бастаманың экономикалық негізін күшейтеді.

Қазақстан қор биржасы жаңа нарыққа бет түзеді

Дегенмен, еуромен есеп айырысу енгізу туралы ұсыныс әзірге алдын ала сипатқа ие. Бұл шешім жан-жақты талдауды талап етеді. Атап айтқанда, екінші деңгейлі банктер мен институционалдық инвесторлар тарапынан тұрақты сұраныстың болуы, клиринг, депозитарий және төлем жүйелерін қамтитын техникалық инфрақұрылымның дайындығы, сондай-ақ тиісті реттеуші органдардың келісімі ескерілуі тиіс.

KASE цифрлық қаржы құралдарын енгізуді аяқтап қалды

Жобаны іске асырудың нақты мерзімі әзірге белгіленбеген. Ол аталған факторларды кешенді бағалау нәтижесіне байланысты анықталады. Сарапшылардың пікірінше, еуромен есеп айырысу енгізілген жағдайда, бұл қадам KASE-нің халықаралық нарықтармен ықпалдастығын арттырып, инвесторлар үшін қосымша мүмкіндік ұсынуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар