Фото: Depositphotos.com
Тікелей эфирді Конституциялық соттың Telegram және Facebook желілеріндегі парақшаларынан, сондай-ақ Telegram-дағы «Конституциялық реформа – 2026» парақшасынан көруге болады. Сонымен қатар отырыс Jibek Joly және 24.kz телеарналарында көрсетіледі.
Конституциялық комиссияны құру туралы Жарлыққа Президент 21 қаңтарда қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Конституциялық комиссияның төрағасы болып Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова тағайындалды. Төрағаның орынбасарлары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин және Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Ал Конституциялық комиссияның хатшысы қызметін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Айдар Жарылғанов атқарады.