«Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөзін білмейтін қазақ, естімеген жұрт жоқ. Бесігі түзу елдің ертеңі де нық, ұрпағы да саналы болады. «Бесікті түзеу» – болашақ алдындағы тарихи жауапкершілік. Ел боламыз десек, ең әуелі ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық сана мен рухани негізге айрықша мән беруіміз керек. Осы ретте, халқымыздың бас құжаты – Ата заңымызда отбасы мен неке сияқты қастерлі ұғымдарды күшейтуіміз керек деп ойлаймын. Оған жауапты ер мен әйелдің рөлін, олардың жауапкершілігін, ара-қатынасын нақты шегелейтін уақыт жетті», деді Елнұр Бейсенбаев.
Үнзила Шапақ: Конституцияның преамбуласын жаңарту елдің идеологиялық бағытын айқындайды
Депутат дәстүрімізге теріс, адамзат болмысына, оның табиғатына қарама-қайшы құндылықтарды насихаттайтын жат әрекеттер қоғамда аз емес екенін айтты. Бұл жай ғана түйткіл емес, ұлттың болашағына қауіп төндіретін құбылыс.
«Сондықтан ұлттық болмысымызға сай келетін, Адам ата мен Хауа ананың жаратылысына тән дәстүрлі отбасылық әке мен ананың заңды әрі құқықтық қарым-қатынастарын Конституцияда нақты бекітуіміз қажет», деді ол.